22 Сентябрь
01:22
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 340.35
EUR/KZT: 405.46
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.64
Авто
13 қазан 17:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қаңғыбас иттер автокөліктің быт-шытын шығарып, зақымдап кетті (ВИДЕО)


Түркияда  Жем Ажар есімді автомеханик таңертең жұмысқа келгенде өзінің кеше кешкісін жұмыс жанында көшеге қалдырып кеткен көлігінің қирап қалғанын көреді. Бастапқыда ол көлікті қылмыскерлер ұрламақ болды деген оймен полиция шақыртқан, деп хабарлайды ensonhaber.com.

Алайда көшедегі бақылау камерасының жазбасынан оқиғаға адам баласының еш кінәсі жоқ екендігі анықталған. 

Бейнежазбадан көлікке түн ішінде қаңғыбас иттер тобы шабуыл жасағанын анық көруге болады. Олар көлікті айнала қоршап алып, оны жан-жақтан тістеп жұлмалап, алдыңғы бөлігі мен бірнеше фарын шағып, бөлшектеп тастаған.

Полиция зардап шегушінің көліктің астына мысық жасырынуы мүмкін деп ойлаған алғашқыда тұжырымын да мұқият тексеріп, камера бейнежазбасынан ешқандай мысықты таба алмады. Мақұлықтардың көлікті не үшін қиратқан себебі әзірге осылайша жұмбақ күйінде қалып отыр. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік иесіне бес мың лира шығын келген.








Дереккөзі: www.ensonhaber.com

Айдар Жанай 
 
нравится:    1412
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии