23 Август
02:53
Астана: 17 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Кербез
13 қараша 12:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қаптамадағы тұшпараны қалай таңдаймыз?

Кейде кешкі асқа дайын тұшпара сатып алып пісіріп жатамыз. Дегенмен, асығыс алынған тұшпараның құрамына назар аударамыз ба?

Құны мен көлеміне мән беріңіз

Сапасы төмен өнім арзан болуы мүмкін. Артыққа бармай, кемге салынбай, қалтаңыздың жағдайына қараңыз. Көлемі де аса үлкен болмағаны дұрыс. Адам санына байланысты таңдағаныңыз абзал.

Тұшпаралар жабыспауы керек

Тұшпара қаптаманың ішінде бір-біріне жабыспай тұруы керек. Тоңазытқыштан алынған тұшпара бір-біріне жабысып тұрса, бұл оның сапасыздығын білдіреді. Тұшпаралар "әдемі" түйілген болуы керек.

Қамырының түсіне назар аударыңыз

Тұшпара қамырының түсі сұрғылт болса, ұнның жоғары сапалы еместігін білдіреді. Ал егер тұшпарадан еттің түсі көрініп тұрса, қамырдың жұқалығынан деп түсініңіз. Ыстық сорпада тұшпараңыз езіліп кетіп жүрмесін десеңіз, қамырына көңіл бөліңіз.

Жарамдылық мерзіміне мән беріңіз

Сапалы тұшпара 3-4 ай сақталады. Егер жарамдылық мерзімінде 1 жылға дейін деп берілсе, өнімде жасанды консерванттардың болғаны.

Құрамына көңіл бөліңіз

Тұшпараның құрамындағы еттің сапасы қаптаманың сыртында жазылып тұрады. "А" категориясындағы салмада 80% ет, 20% дәмдеуіш болады, ал "В" категориясында 60% ет және 40% дәмдеуіш болады. Категориясы артқан сайын тұшпара құрамындағы еттің үлесі азая түседі.

Дереккөзі: massaget.kz
нравится:    890
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии