17 Декабрь
10:06
Астана: -23 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
25 тамыз 17:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Қар адамы» туралы видео интернетті қолданушылар арасында дау тудырды (видео)
Желіде кезекті «қар адамы» туралы түсірілген видео пайдаланушылар арасында үлкен талас-тартыс туғызды. Бұл туралы Yahoo News хабарлады.


Америкада «бигфут» деген аты бар мифтік тіршілік иесі Калифорния штатындағы Блафф-Крик деген жерде түсірілген. Ролик авторы М.Дэвис оны 2008 жылы түсіргенін айтады. Бірақ желіде осыдан бірнеше күн бұрын ғана жіберілген. Оператордың ойынша, ол бұталар арасында отырған йетиді, яғни «қар адамын» түсіріп үлгерген.

«Қараңғы еді. Мен сонда да өзімнен бірнеше метр жерде өзгеше тіршілік иесін көріп тұрғаныма күдіктене алмадым, – дейді ол. – Мен табиғат көріністерін түсіріп жүр едім. Сосын түсірілген материалды қарасам, онда жылжып бара жатқан үлкен ақ тұлғаны көрдім».



Дэвис сондай-ақ түсірілім жасалған жерге жақын маңда денесі бөлшектеніп тасталған бұғыны көргенін де айтады. Дегенмен, бұл роликтен пайдаланушылардың барлығы бірдей «қар адамын» көре алмаған. Көп кісі мұны әлдеқандай бір түсірілімнің монтажы деп те есептейді. Тағы біреулер кадрға адам тектес маймыл түсіп кеткен деген ойда. Осының бәрі қазір талас туғызып жатыр.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    1308
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии