Экономика
9 қазан 12:26
​Қара алтын бағасы өсті

Әлемде мұнай бағасы көтеріліп келе жатыр. Қара алтынның қымбаттауына америкалық Федералды қор жүйесінің хаттамасы себеп болған. Қаржылық ұйым басшылары пайыздық мөлшерлемелерді өсірмеген. Батыс Техас мұнайы бір баррель үшін 48 долларды көрсетіп, 3,5%-ға өсті. Ал Солтүстік теңізден шығатын қара алтынның қараша айына арналған бағасы әр барреліне 51 долларға артқан. Федералды қор жүйесінің келесі отырысы 28-29 қазанда өтеді.

Дереккөзі: 24.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика