Әлем жаңалықтары
21 қараша 16:04
Қарағанды әкімі өз орнын колледж студентіне босатып берді



Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров өз орнын қарапайым студентке босатып берді. 
 
Қала әкімінің орнын басқан жас жігіт - Юрий Михуля - Майқұдықтағы Алихан Бөкейханов атындағы №76 орта мектептің түлегі, бүгінде Қарағанды коммерциялық колледжінің студенті.
Ол мемлекеттік тілді жетік меңгергенімен қатар, қазақтың ұлттық музыкалық аспабы қобызда да жақсы ойнайды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды қаласы әкімдігі «Жастардың өзін-өзі басқару күні» қалалық акциясын ұйымдастырған болатын. Акцияға қатысқан оқушылар мен студенттер жергілікті атқарушы билік органдарының қызметімен танысып, өздерінің қоғамдық көзқарастарын білдірген болатын. Акцияның қорытындысы бойынша, Ю.Михуля апталық көш бастап, әкімдіктегі әкімнің орнын «сыйлыққа жеңіп» алды.
Енді ол бүгін күні бойы Нұрлан Ерікбайұлының лауазымын атқарып қана қоймай, оған қаланы қалай басқару керектігі туралы ақыл-кеңестер мен мемлекеттік басқару саласында тапсырмалар да беретін болады.
 
«Жас әкім» жалпы жағдаймен танысып болған соң, қала басшысына қар тазалау мәселесіне қатысты алғашқы тапсырмасын да беріп үлгерді, - деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметінен.
 
Юрий Михуляның алға қойған негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметке қабылданып, халыққа қызмет көрсету екен.
 


Аударма: Айдар Жанай

Комментарии

  • Майя2016-11-21 23:22:53
    бул не деген сумдык акымнын орнын утып алатын ойын ба бул. Юрий дит орыс па бул не болып баратыр



Яндекс.Метрика