21 Ноябрь
23:23
Астана: -12 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Әлем жаңалықтары
25 тамыз 10:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қарағандыда автобус жүргізушілері төбелесіп қалды (видео)


Қарағандыда екі автобус жүргізушісі төбелесіп қалды.
Оқиға куәгерлері орын алған жайт бейнеленген видеоны Instagram желісінде ekaraganda.kz арнасында жариялады.

Автор өзі ішінде келе жатқан автобустың жүргізушісін камера түсіріп тұрып, бұл №31 бағыттағы автобус екенін атап өтеді. Автобус жүргізушісі жылдамдық режимін сақтамай, жол ережесін өрескел бұза отырып, алдындағы автобусты басып озуға тырысады. 

Автобус жолаушылары жүргізушінің бұл қылығын құптамай, одан алдыңғы автобусты басып озбауын өтінеді. Алайда, есіріп алған жүргізуші жолаушылардың сөзіне құлақ аспайды.

Алдыңғы автобустың жүргізушісі де осал емес екен, соңында келе жатқан автобустың өзін басып озуына жол бермеу, жолын кес-кестеп мүмкіндік бермейді. Бір кезде автобусты тоқтатқан бойда жылдам жерге түсіп, соңында келе жатқан автобусқа жақындап келіп өзінің әріптесімен сөзге келіп қалады, тіпті оның құлақ шекесінен шапалақпен тартып та жібереді.

Видео №31 автобустың жүргізушісі жауап қайтару үшін автобустан түсіп, әріптесінің соңынан жүгіріп бара жатқан жерінен үзіліп қалады.

Жүргізушілердің бұл қылығы қала билігінің назарын аудартпай қоймады.

Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Диана Сапарқызының мәлімдеуінше, қала басшысы Нұрлан Әубәкіров мырза роликті қарап шығып, қарамағында жауапты қызметкерлерге оқиғаның мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдауды тапсырған.

"Манас" ЖШС қарасты автопарк басшыларының айтуынша, екі автобустың да жүргізушілері жұмыстан шығарылған.





Айдар Жанай
нравится:    784
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии