24 Август
14:48
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Мәдениет
20 маусым 09:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қарақат Әбілдина: Ақша үшін ішпеген затымды іштім деп өтірік айтатын дәрежеге түскен жоқпын
Әлеуметтік желідегі пысықай «кәсіпкерлер» әнші Қарақаттың атынан жарнама жасап, пайда тауып жүргенге ұқсайды. Сондай жалған жарнамалар көбейіп кетті ме, жақында ғана аяқ-қолын бауырына алған әнші бұл мәселенің нүктесін қойып, оқырманның көп сұрағына жауап беріпті.


 
«Қайырлы кеш достарым! Әне-міне дегенше ораза да аяқталуға жақын қалды. Менің қазіргі xәлімді білесіздер, қырқынан әлі шыққан жоқпыз, бөпеммен уйдеміз. Телефонға бұрынғыдай көп қарауға да уақыт жоқ, арасында уақыт тауып қарап қалсам жарнамадан көз сүрінеді. "Қарақат эко слим ішті", "монастырский чай ішіп арықтады", "Қарақат корсеттен арықтап кетті" деген сияқты атын өзім өмірі естіп көрмеген өнімдерді маған әкеліп таңа беретін болыпты. Шынымды айтсам, арықтаймын деген ойда да жоқ қазір. Жаңа босанған анаға томпиып отырған жарасатын шығар деп жайқалып отырған жайым бар. Жыл өткен сайын тек қана жас емес, салмақ та қосылатыны анық қой енді. Оның үстіне емізулі сәбиі бар ананың арықтаймын деп жанталасуы жараспайтын да сияқты ма қалай өзі? Басымыз аман болса бір қалыпқа келерміз. Адамның атын әр жерге тықпалай беру деген қандай жаман, берекеңді алып, қадіріңді қашырады. Негізі өз басым ақша үшін жарнамаға түсіп, ішпеген затты іштім деп өтірік айтатын дәрежеге түскен емеспін. Және басқа желілерде де жоқпын, барлық мен туралы ақпарат та, жарнама да осы жерде. Сондықтан арықтауға байланысты менің атыммен шығып жатқан түрлі жарнамаларға сенбеңіздер!»-деп жазған әнші.
 
нравится:    996
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии