Мәдениет
21 желтоқсан 18:16
Қарақат Әбілдина: Алтынай ажырасқаннан кейін көп өзгерді
Әнші Қарақат Әбілдина жақында ғана жолдасымен ажырасқаны белгілі болған Алтынайдың ажырасқалы бері көп өзгергенін айтты. Әрине, жақсы жағына қарай. Бұл туралы әнші «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.

 

«Алтынай көп өзгерді. Үш жыл бұрын Астанаға келгенде басқа Алтынай болатын. Бойында өзгеріс көп. Бұрын ол жасықтау болды, ішінен тынып, көп нәрсені ішінде сақтады. Тіпті достары да аз болды. Көп ешкіммен араласпаған да екен, жарқырап тіпті киінбеген де екен. Бала, үй, жолдасының жағдайы мен қас-қабағын бақты. Айтылған уақытта концертке барып, қайтқан. Ал қазір әйел ретінде сезініп, көп уақытын өзіне арнап, көп өзгеріп келеді. Ол әйел затына өте қажет. Жүректің тыныштығы, өзіңнің әйел екеніңді сезіну, бір сәт өзіңе көңіл бөлу, тіпті дүкен аралап өзіңе керекті затты жан қалауыңмен таңдап алудың өзі ұсақ-түйек болуы мүмкін, бірақ осының өзі адамға үлкен ләззат сыйлайды. Ең бастысы құлақтың тыныштығы, жүректің тыныштығы біраз өзгертті»-дейді Қарақат Әбілдина.
 
Дереккөз: Reactor

Комментарии




Яндекс.Метрика