25 Сентябрь
17:44
Астана: 10 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Мәдениет
19 мамыр 11:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қарақат Қыдырәліге екінші әйел алып бермек
Бүгін қазақ эстрадасында өзінің орны бар, ұлттық мәдениетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан әнші, продюсер Қыдырәлі Болмановтың туған күні!
Атақты продюсерді әлеуметтік желі арқылы өнердегі тең әріптестері, достары жарыса құттықтап жатыр. Қыдырәліні  мерейі мерекесімен сүйікті жары, балаларының анасы әнші Қарақат та  құттықтады. Ол өзінің құттықтауын өзінің инстаграмдағы парақшасы арқылы жеткізіп, оған сыйлық ретінде екіншi әйел алып беретіндігін айтты.




 «Мен жалпы өнерде де, өмірде де жолы болған адаммын... Өз бақытымды мақтану үшін емес, сезімнің құны кеткен заманда кейінгіге үлгі болсын деп айтамын... Рас, менің ерім үлгі тұтуға лайық азамат! Оның казак мадениетiне сіңірген еңбегін, ұлтына деген махаббатын, отбасына деген адалдығын, маған деген құрметін, балаларына деген ықыласын сөзбен жеткізу мүмкін емес... Алла бұйыртып 11 жасымда Алматыға келдім....Алғаш рет 18 жасымда ғашық болдым...3-4 жыл бiрге жүрiп бiр арам пиғыл көрсеткен емес....Сөйтіп жүріп махаббат әлемінің есігін ашқызып, өзiне ғашық қылған нағыз Ер азаматқа тән өр мiнез, ешкiмге ұқсамайтын өзiне ғана тән болмысы,тектiлiгi еді...Шынайы сезіммен қосылдық, отбасы ошақ қасы үшін жаралған әйелсің, үйде отыр десе де көнер едім, бірақ жұрттың алдына шығуға лайықсың деп жарқыратып алып шықты...Қайда барса да қасынан бір елі тастамай Қақатым деп еркелетуден бір жалыққан емес... Қыдекең өсек-аяңнан қашанда биік болды, канаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай қорғап, қолдап келедi... Дүниенің біз баспаған жері жоқ, талай төрде қонақ болдым, жарымның аялы алақанында еркелеп жүріп төрт баланы дүниеге әкелдім... Асыл азаматыма деген шексіз құрметімді жазып жеткізе алмасым анық... Бүгінгі мерейлі туған күніне не сыйласам екен, қалай қуантсам екен, ырзалығымды қалай білдірсем екен деп көп ойландым... Көп....Жалпы, жақсы жар табу Алланың ең үлкен нығметі ғой, ал енді Қыдырдай ердің еріне жар болуды армандайтын бойжеткендер аз емес ... Осы жағын ескере келе мен азаматымның алтын басын құрметтей отырып, басымды ие отырып,Алла разылығы үшiн екіншi әйел алып бергенiм дұрыс болар деп шешiп отырмын.Кешегі Құнанбайлар секiлді бiр отбасын ғана емес, бiр әулеттiң тiпті бір кауымның жүгiн көтеретiн сенде қажыр қайрат жеткiлiктi... Сен бастаған тiрлiктiң берекесiз аяқталған кезі болған емес... Окырмандарым түсiнбей калған шығарсыздар? Альхамдулиллах!Бiзде барі жаксы!Иншалла жақсы болады да...Туған күнiңмен жаным!»,- деп жазады әнші.

Авторы: Абай Айсара
 
нравится:    6706
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии