|    |  
21 қараша 2018
08:57
қаз
​Қарақат мектеп-студиясы Алматыда ашылады
21 қазан, 13:59 2076
​Қарақат мектеп-студиясы жақын уақыттарда Алматыда да ашылатын болады. Бұл туралы ақпаратты Қыдырәлі Болманов  instagram-дағы парақшасында жариялады.

 

«Кеш қарая "Глиэр"-2-шi музыкалык мектебiнде жиналып, кәсiби мамандармен ақылдасып, Қарақат  мектеп-студиясының Алматыда ашылуына байланысты жоспарларымызды кұрып, ой түйiндеп, бiраз қағаздарымызды хаттап, кiшi-гiрiм "құрылтай құрдық»,- деді Қ.Болманов.

Жаңа ұжымның құрамы да анықталып қойыпты. Қазіргі кезде өнер мектебінің  құжаттары дайындалып, қандай пәндер, қандай аспаптар, қандай вокал, жалпы балалардың қандай өнерден сабақ алғысы келетіндігі талқылану үстінде екен.

Еске сала кетейік, мұндай өнер мектебі Астанада осыдан 6 жыл бұрын ашылған болатын. Оқу мерзімі – 3 жыл. Аталған өнер мектебін бітірген оқушыға арнайы дайындалған сертификат беріледі.

Дереккөзі: reactor.inform.kz
Авторы: Абай Айсара
Жаңалықтар