22 Август
13:02
Астана: 25 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
9 маусым 10:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қарақшылар ауруханалардан қымбат аппараттарды ұрлап кеткен
Колумбиялықтардан құралған қылмыстық топ Афина ауруханаларынан қымбат аппараттарды ұрлап кеткен. Мұндай қылмыс Еуропаның басқа елдерінде де орын алыпты.


 
Ас қорыту органдарын зерттеу үшін қолданылатын төрт эндоскопты полиция қызметкерлері Колумбияның астанасы Боготтан тапқан.
  
Күдіктілер Түркиядан туристік визамен шыққан. Топ құрамында 20, 37, 50 жастағы үш ер адам болған. Сондай-ақ белгісіз әйелдер де бар.Жалған құжат арқылы пәтер мен автокөлікті жалға алған. Шаруаларын тындырғаннан кейін 25 мамырда Боготқа ұшатын ұшақпен ұшып кеткен.

Құқық қорғаушылар эндоскоптардың есірткі саудасымен айналысатындарға керек болуы мүмкін дейді. Олар есірткіні тасымалдайтын курьердің есірткіні жұтқан я жұтпағанын анықтайды екен.
 
Құны 500 мың еуродан асатын медициналық аппарат қасиетті Савва ауруханасынан 15 мамырда қолды болған.19-22 мамыр аралығында Ламия мен Лариса ауруханаларынан құны 115 мың еуро тұратын жабдықтар ұрланған. 21 мамырда Волос ауруханасынан екі гастроскоп жоғалған. Бұл қылмыстар Грецияның денсаулық сақтау жүйесіне едәуір шығын келтірген. Себебі бұл елде соңғы жылдары дағдарыс дендеп тұр.
 
Мұндай қылмыстар соңғы төрт жылда Литвада, Люксембургте, Испанияда, Германияда, Австрияда, Чехияда, Польшада, Италия, Франция мен Хорватияда орны алған.
 
Дереккөз: www.bbc.com/russian
нравится:    92
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии