|    |  
15 қараша 2018
09:11
қаз
​Қарашада дүниеге келген адамдардың көлеңкелі және сәулелі тұстары
08 қараша, 16:14 1432

Күздің соңғы айы, яғни қарашада туған адамдар өздерінің ерекше, бірегей және қайталанбас қасиеттерімен дараланып тұұрады.  Егер тек жақсы жағын айтсақ, онда олар сенімді, досшыл және өте интуитивті. Қараша - бірегей және жұмбақ сарышаян айы (22 қарашаны қоса алғанда), ал 23 қарашадан бастап бұл көңілді және авантюралық мергендер «иелігі». Қарашаның осынау екі белгісі де табиғатынан сәулелі және күңгірт тұстарымен ерекшеленеді!

Қарашада дүниеге келген сарышаяндардың оң тұстары (1-22 қараша)
1. Қарашада дүниеге келген сарышаяндарға өте үлкен ерік-жігер берілген. Сондықтан олар үшін өз жоспарларынан бас тарту тән емес. Олар барлық уақытта  қалаған дүниелеріне кез келген әдіс арқылы қол жеткізеді. Себебі, олардың табандылығының шегі жоқ.
2. Батылдық – не қалайтындықтарын нақты біліп қана қоймай, олар сонымен бірге мақсат қол жеткізу жолында барынша тыңғылығымен де ерекшеленеді. Егер сарышаян бір нәрсе жасауға бел байлайтын болса, онда ол өзінің іс-әрекетін кейінге қалдырмайды немесе басқа бір дүниеге назарын аударып жібермейді.
3. Адалдық – олар барлық уақытта да сізді жақтайтын ең адал әрі сенімді достардың бірі. Олар махаббатқа, отбасына немесе достыққа адал және кез келген жағдайда сізге көмек қолын созады.
4. Интиутивтілік – олар айтарлықтай сезімтал немесе эмоциналды емес сияқты көрінеді. Дегенмен, олар барлығын да іште ұстайды. Қарашада дүниеге келген сарышаяндар қуатты интуицияға ие бола отырып, өзге адамдармен және олардың ниеттерімен еркін есеп айырыса алады. Олар қажетті уақытта дұрыс шешім қабылдауға да қабілетті.

Қарашада дүниеге келген сарышаяндардың теріс тұстары (1-22 қараша)
1. Кекшілдік – оларға біреулер өздерінің алға қарай ілгерілеуіне кедергі келтіретін болса, онда шектен шығып кете де алады. Сатқындық пен алдау – бұл олардың ең жек көретін қасиеттері және олар өздерін ренжіткен адамға өте ұзақ уақыт бойы, тіпті бүкіл өмір бойы кектеніп өтеді.
2. Қызғаншақтық -  олар сенгіш емес және барынша қызғаншақ. Қарашада дүниеге келген сарышаяндар серіктестеріне өзінің меншігі ретінде қарайды және олар қарым-қатынасқа  келгенде өте ығыр қылатын әрі бақылауда ұстауды қалайтын болуы мүмкін.
3. Бірбеткейлік – олардың барлық шешімдері соңғы әрі бұрылуға келмейді. Бұған қоса, олар үнемі өзіне-өзі дәлелдеуге тырысады және өзінің мақсаттарына қарама-қарсы тік жүреді.
4. Дөрекілік пен әдепсіздік – қарашада дүниеге келген сарышаяндар қызықты сұхбатты жаны жақсы көретін өте ақылды адамдар саналады. Дегенмен, олар сонымен қатар дөрекі әрі уытты жанға айнала отырып, әңгімелесушісімен келіспеуге не болмаса дауласуға бейім.
 
Қарашада дүниеге келген мергендердің оң тұстары (23-30 қараша)
1. Оптимизм – қарашада дүниеге келген мергендер барлық жағдайдан да позитивті көре алады. Олардың энергиясы жұққыш келеді және өзін қоршаған барлық жанға көңілді күй мен қуаныш сыйлайды. Бұл адамдардың жанында сіз өзіңізге сене бастайсыз және мұнда тұрған мүмкін емес ештеңе де жоқ.
2. Білуге құмарлық – олар білім алғанды және өздерінің дүниетанымдарын кеңейтуге құмар. Қарашада дүниеге келген мергендер қызығушылық аясы кең жан-жақты тұлға болып келеді: олар еш уақытта да білім алуын тоқтатпайды. Ал әрбір қателік, сәтсіздік немесе кедергі – бұл олар үшін жаңа бір нәрсені үйрену және өзін жақсарта түсудің мүмкіншілігі.
3. Экстраверттілік – оларға төңірегіне көптеген достарын жинап алып, олармен бірге уақытта қызықты өткізген ұнайды. Қараша дүниеге келген мергендермен еш уақытта көңілсіз болмайды. Олар әңгімелесуге ашық және жағымды әсер сыйлайды, қарапайым да.
4. Ақкөңілділік – олар төңірегіндегі адамдарды құрметтейді және өздерінің жақындарын ғана қорғап қоймай, қоршаған орта мен әлемге де шынайы қамқорлықпен қарайды. Мергендер өзгелерді пайдаланбайды және адамдардан да артық дүние күтпейді.
  
Қарашада дүниеге келген мергендердің теріс тұстары (23-30 қараша)
1. Әдепсіздік – олар белгілі болып отырғандай ашық, әділ және ойларына не келсе соны айтады. Дегенмен, қарашада дүниеге келген мергендер өте қатал болып та кетеді және өздерінің айтқан сөздерімен өзгелердің жанын ауыртады.
2. Білімпаздық – кейде олар тірі энциклопедияға ұқсап та етеді және өзіне-өзі сенімді бәрін білетін адам сияқты кейіпте болады, өзінің интеллектуалды үстемдігін кез келген жерде көрсетуге тырысады. Бұл да оның адамға тартымды мінезі еместігін анық.
3. Міндетті болуды қаламау – олар үшін еркіндік пен кез келген шектеудің болмағандығы аса маңызды. Олар жауапкершіліктен жалтарады және міндеттемелерді орындамайды, сонымен қатар қарым-қатынасқа келгенде өзінің меншікті кеңістігін талап етеді.
Үстемшілдік – сырты келбет пен сұлулық қарашада дүниеге келген мергендер үшін көптеген маңызға ие. Олар әдетте адамның жан-жүрегіне терең бойлап қарай бермейді, тек оның назарын өзіне аудару үшін үстірт қана қарап шықса жеткілікті. 

Дереккөз:  Flytothesky.ru
Жаңалықтар