Спорт
25 наурыз 10:49
Каратеші жұмыр тастарды жалаң қолымен қақ бөледі


Қытайлық жас каретеші көптеген жылдар бойы спорттық грушаның орнына тастар мен басқа да қатты минералдарды жалаң қолымен қақ бөліп жаттыққан, деп хабарлайды Day.Az Facebook әлеуметік желісіне сілтеме жасай отырып.

Шығыс жекпе-жегінің шебері бірнеше жұмыр тастарды қақ бөліп, өз соққысының күшін көрсететін видеоны жариялаған. Ол табиғи минералдардан бөлек металл сырықты аяғымен теуіп майыстырады, газды сусынның құтысын шынашағымен тесіп тастайды.

Дегенмен, тікенекті бұдыры көп дуриан жемісін ұрып жарған сәтте бетін тыжырайтып, қолының қатты ауырып қалғанын сездіреді.
Осылайша, видеороликті сандаған миллион адам тамашалап, жас каратеші Facebook әлеуметтік желісінің жұлдызына айналып шыға келді.




 

Комментарии




Яндекс.Метрика