|    |  
07 желтоқсан 2019
01:23
қаз
Қарбыздың тәттісін қалай таңдау керек?
09 шілде 2019, 15:12 337
Қазір көкөніс пен жеміс-жидектің піскен уақыты. Оның ішінде қауын-қарбыз бар. Қарбыздың тәттісін қалай таңдау керек? Біздің кеңесімізге құлақ түріңіз


 
Қарбызда қоңырқай дақтар көп болса тұқымның соғұрлым тозаңданғанын білдіреді. Қоңырқай дақ неғұрлым көп болса ол қарбыздың әбден піскені. Сондықтан да қарбыз аларда сыртының әдемілігіне емес, қоңырай дақтарының көптігіне қараңыз.


 
Қарбыз өсірушілер қарбыздарды «ұл» мен «қызға» бөледі. «Ұл» қарбыздар ұзынша сопақ келеді әрі құрамында суы көп болады. Ал «қыз» қарбыздар қою әрі дәмді келеді. Сондықтан қарбыз аларда домалағын іздеңіз.
 


Қарбыздағы сары дақ та оның қаншалықты піскенін көрсетеді. Әбден піскен қарбыздардың жерде жатқан жері қызғылт-қоңырқай болуы тиіс. Ал ашық сарғыш болса қарбыздың дұрыс піспегені.
 


Қарбыздың түйін сабағына қарап та оның қаншалықты піскенін білуге болады. Әбден піскен қарбыздың сабағы сарғайып тұрады немесе қурап түсіп қалады. Ал піспеген қарбыздікі балғын болады.
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар