17 Октябрь
09:47
Астана: 1 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 333.03
EUR/KZT: 392.61
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.54
Әлем жаңалықтары
1 қыркүйек 10:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​ Кәрім Мәсімов бірінші сыныпта түскен суретін жариялады

 
Премьер-министр Кәрім Қажымқанұлы өзінің twitter-дегі парақшасында мектеп табалдырығын аттаған кезіндегі суретін жариялады.


« 1 қыркүйек 1972 жыл. Менің алғашқы ұстазым  – Миляева Валентина Алексеевна, Целиноградтағы №1 мектеп. Тарихпен бөлісейік»-деп жазған.
 
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов - 1965 жылы маусымның 15 күні Қазақстанның Целиноград қаласында дүниеге келген. Әкесі - Қажымқан Қасымұлы Мәсімов. Анасы - Элеонора (Ажибекова) Кәрімқызы Масимова. Ұлты ұйғыр. 

 Бейжіңдегі Тіл білімі институтын, Қытайдағы Ухань заң университетін, Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген.

ҚР Еңбек министрлігінде бас экономист, сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бастығы, Үрімші (ҚХР) қаласындағы Сыртқы экономикалық байланыстар Министрлігі өкілдігінде жетекші маман, Гонконг қаласындағы Қазақ сауда үйінің атқарушы директоры қызметін атқарған.

«Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ Басқармасының және «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ Басқармасы бастығы қызметін атқарды. ҚР Көлік және коммуникация министрі, ҚР Президентінің көмекшісі. 2006 жылдың қаңтарынан ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2006 жылдың сәуірінен ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2007 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасының Премьер-министрі. 2012 жылдың қыркүйек айынан ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы. 2014 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Премьер-министрі. 

«Құрмет», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордендерімен марапатталған. 

Дереккөз: Pm.kz
нравится:    929
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии