17 Август
14:02
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Авто
13 шілде 16:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қария жанып жатқан көліктің ішіндегі жолаушыларын құтқарды



Оқиға куәгерлері қарияның өртеніп жатқан көліктің ішіндегі жолаушыларды жанұшыра құтқарып алған сәті бейнеленген видеоны әлеуметтік желіге жариялады.

Оқиға Ингушетияда Ростов – Баку трассасының бойында орын алған. «Волга» көлігі авария орнын айналып өтіп бара жатып, ВАЗ көлігіне соғылған. Қатты соқтығыс салдарынан көлік жол шетіне шығып кетіп, өртене бастаған. Оның ішіндегі жолаушылар көліктің есік-терезесі құлыпталып қалғандықтан, сыртқа шыға алмай жан ұшыра айғайлап, көмекке шақыра бастаған.

Осы сәтте оқиға куәгерлері, соның ішінде қария кісі өз өмірлеріне төніп тұрған қауіпке қарамастан, тез арада көлік жолаушыларын құтқаруға кіріскен. Олар алдымен көлік есігін күшпен тартып ашуға тырысқан, оның ашылмайтынына көзі жеткен соң терезесін аяқпен теуіп сындырып, жапа шеккен жолаушыларды аман-есен сыртқа шығарып алған.




Дереккөзі: https://life.ru
 
нравится:    332
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии