12 Декабрь
14:11
Астана: -16 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Кербез
2 желтоқсан 12:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қартаймаудың қарапайым 4 әдісі
Бет-әлпет – әр әйелдің айнасы. Бірақ жастықты сақтап, қартаюдың алдын алу қиын. Ал шынында бетті күту қарапайым әдістерден басталады. Сонымен ол қандай әдістер, назар аударыңыз.
 
1.Ыстық су мен суық суды кезек араластырып жуыңыз. Температура өзгергенде беттегі қан айналымы жақсарады. Алдымен ыстық сумен жуыңыз, содан кейін суық сумен жуыңыз. Осылай бірнеше мәрте қайталасаңыз жеткілікті. Бұл процедураны таңертең және кешкісін қайталау керек.


 
2.Механикалық пилинг. Бұл өлген жасушалардан құтылуға көмектеседі. Сондай-ақ бетті тазартып, өңіңізді ашады. Үйде механикалық пилинг жасау үшін скрабты қолдансаңыз болады. Бірақ оны бөрткен теріге қолданбаған жөн.
 


3.Массаж. Бұл процедура беттің бұлшық еттеріне жан бітіреді. Әжімдер азайып, тері жұмсарып, ісігі қайтады. Ол үшін беттегі массаж сызықтарын біліп алу керек.


 
Иектен құлаққа қарай
Ауыз тұсынан құлаққа қарай
Мұрыннан шекеге қарай
Маңдайдан шекеге қарай 
Массажды бастамас бұрын бетіңіздегі барлық бояуды сүртіп тастаңыз. Бетіңізде бөртпе болса массаж жасауға болмайды.
 
4.Фейсфитнес. Беттің бұлшық еттерін белсендендіру үшін жаттығу жасау қажет. Оған фейсфитнес көмектеседі. Бет гимнастикасын дұрыс жасау ережесін білмесеңіз бетіңізге зақым келтіруіңіз мүмкін. Сондықтан бетке жасайтын жаттығуларды алдымен тереңірек зерттеп алыңыз. Бетіңізге екпе салдырған болсаңыз, пластикалық ота жасатқан болсаңыз бұл жаттығуларды жасауға болмайды.


 
 
Дереккөз: www.cosmo.ru
нравится:    341
Теги: Аруларға кеңес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии