|    |  
23 мамыр 2019
08:02
қаз
​Картоп қосып қуырған нан
15 наурыз 2019, 11:09 328
Дұрыс тамақтану деніңізді сау және шымыр ұстаудың бірден-бір амалы. Сондықтан бүгін сіздерге жеңіл таңғы ас түрі нан тілімдерін қуырудың бір тәсілін ұсынып отырмыз.


 
2-3 картопты тазартып аламыз.
 
Нан тілімдерін кесіп дайындап қоямыз.
 
Картопты үккіштен өткіземіз.
 
Үккіштен өткізілген картопқа тұз және бұрыш қосып, жақсылап араластырамыз.
 
Нан тілімдеріне картопты жұқалап жағамыз. Ыдысқа май құйып, қызған соң бірінші картоп жағылған жағын төмен қаратып қуырып аламыз. Одан соң нан тілімдерін аударып екінші жағын да қызарғанша қуырып аламыз.
 
Қуырылған нан тілімдері дайын! Өзіңіз ұнататындай майонез, қаймақ немесе кетчуп жағып қойсаңыз да болады.
 
Астарыңыз дәмді болсын!
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар