|    |  
22 қаңтар 2020
19:05
қаз
Картоп крахмалынан бетке жасауға болатын маскалар
10 қаңтар 2020, 16:00 82
Картоп крахмалы - бетті жасартуға жақсы көмектесетін ингредиенттің бірі. Маска үй жағдайында жасауға арналған.



Бірінші рецепт.
1 ас қасық картоп крахмалын 1 ас қасық сүтпен араластырыңыз. Қоспаға 1 шай қасық шабдалы майын қосыңыз. Жақсылап араластырып, бетке жұқа етіп жағыңыз.
Жарты сағаттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.

Екінші рецепт.
1 ас қасық картоп крахмалын жылы, таза, қайнаған сумен қою қоспа болғанға дейін араластырыңыз. Оған жұмыртқаның ағы мен аздап лимон шырынын қосыңыз.
Дайын қоспаны бетке жағып, 30-40 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.
Бұл масканы бетіңіз майлы болса қолданыңыз.

Үшінші рецепт.
1 ас қасық крахмалды 1 шай қасық ас тұзымен араластырыңыз. Оған жылы сүт қосып, ботқаға айналғанға дейін араластырыңыз. Қоспаға 1 шай қасық қою бал қосыңыз.
Бетке жұқа етіп жағып, жарты сағаттан соң, жылы сумен жуу керек.

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар