|    |  
17 ақпан 2020
08:44
қаз
​Қарулы әтеш ер адамды жарып өлтірген
20 қаңтар 2020, 14:45 90
Үндістанның Андхра-Прадеш штатында әтештердің төбелесін бақылап тұрған ер адам қаза тапты.


 
Оларды төбелестірген кезде құстардың аяғына өткір темірлер тағады. Ұйымдастырушылардың бірі әтешті аренаға шығару үшін қолына алған кезде босап шықпақ болған құс ер адамның ішін тіліп жіберген. Ер адам сол жерде қан кетуінен көз жұмған.

Үндістанның Жоғарғы соты әтештерді бұлай төбелестіруге тыйым салған. Бірақ жергілікті халық қаңтар айының ортасында атап өтетін Макара-санкранти мейрамы кезінде осындай төбелестерді ұйымдастырады. Төбелес құстардың бірі өлгенше жалғасады.
 
Дереккөз: Lenta.ru


Жаңалықтар