|    |  
20 тамыз 2019
12:34
қаз
Қарым-қатынаста ер азаматтар жоғары бағалайтын 5 дүние
30 шілде 2019, 15:58 221
Ер азаматқа әйел затымен қарым-қатынаста жыныстық қатынас қана қажет емес. Ерлерге тек жыныстық қатынас қажет деген стереотип қалыптасқан. Шын мәнінде жыныстық қатынас әйелдерге де солай қажет. Ерлі-зайыптылардың өмірі соның сапасына байланысты екені рас. Бірақ ерлер үшін одан да маңызды дүниелер бар. Мәселен

 
 
Оған деген сенім
Өзінің ер азаматына сену – оның қолынан бәрі келетініне сену. Егер әйел жан-тәнімен еріне сенсе ер адам әйелі үшін тауды қопаруға әзір болады.
 
Жеке кеңістік
Еркіндік ерлер үшін аса маңызды. Сол себепті де олар заңды некелесуге асықпайды. Себебі еркіндігінен айырылып қалуға қорқады. Бірақ қастарында қалыптасқан тұлғаның болғанын қалайды. Әйел затының жеке кеңістігі мен қызығушылықтарын бағалайды.
 
Тосынсыйлар
Бір сарынды тірлік кімге болса да қызықсыз. Ал жұптарға бұған мүлде жол беруге болмайды. Ал ерлер тосынсыйларды жақсы көреді. Жұптар бір-бірін таңғалдыра білсе ғана жақсы қарым-қатынасты сақтай алады.

Түсіну және қабылдау
Бұл ерлер үшін аса маңызды. Ол барлық адам сияқты қателесуі мүмкін. Сондай кездері өзгелердің өзін түсінгенін қалайды. Оған әйелінің қашан да өзін қолдайтынын білу маңызды.
 
Араласу
Бірге тұру  - бұл күнделікті жыныстық қатынас қана емес. Бұл әңгімелесу, араласу. Егер олардың ортақ қызығушылықтары болса тіпті жақсы.
 
Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар