18 Декабрь
03:34
Астана: -18 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
21 мамыр 16:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қарызды қалай дұрыс беруге болады?
Осы өмірде кез келген адам қарыз алып және қарыз беріп өмір сүреді.  Ол күнделікті күйбең тіршіліктердің тәртіптері-міс. Өмір болғаннан кейін алыс-беріс болып тұрады.

Жалпы қарыз беруді ислам діні сауапты іс деп санайды. Егер біреу таршылық көріп сізден қарыз сұрап келсе, мүмкіндігіңізше бергеніңіз жөн. Бір кісінің қажетін өтеумен қатар өзіңіз де шексіз сауапқа кенелесіз. Дінде: «Кім бір адамның мұқтаждығын өтесе, Алла оның қажетін өтейді» - деген. Бұл адамдардың араздығын емес, керісінше, достығын, туыстығын күшейтеді. Иә, бұл дін бойынша пікір...


Қазіргідей қым-қуыт заманда қарыз беретін адамды дұрыс таңдап,  оған сенім артып, онымен жақсы қарым-қатынастарда болып қалу маңызды болып есептеледі. Әйтпесе, кейін қарыз берген жақын адамыңызбен, осы үшін араздасып қалуыңыз ғажап емес. Сондықтан да біз Сіздерге қарызды кімге, калай берген дұрыс деген арнада бірнеше кеңестер бермекшіміз.
 


Бір танысыңыз келіп Сізден бірнеше аптаға ақшаны қарызға бере тұруыңызды өтінеді. Оған жауап беруге асықпаңыз. Еер сіздің тоңазытқыш сатып алсам деп жинап жатқан ақшаңыз  болса, оны 3-айдан кейін сатып алуды жоспарласаңыз онда қарыз сұраған досыңызға беріңіз, ал егер пәтерақыны және ағымдағы коммуналдық төлемдерді төлеуге немесе кез келген жоспарланбаған оқиғаларға қалдырылған ақша боса, онда мүмкін болатын оқиғалар туралы ойланыңыз.
Мәселен, Сіздің тісіңіз аяқ астынан ауырып қалды делік, тіс дәрігеріне баруыңыз керек. Сондықтан да қарызға беріген ақша «қара күндерге» қалдырылған ақшаңыздан тәуелсіз болуы қажет.



2. Күтпеңіз
Өмірдегі жақын адамдармен қарым-қатынастарды бұзып алмас үшін қарызға беріген ақшаны күтпеңіз. Оның үстіне қарызға берілген сомма, айтарлықтай қомақты болмауы шарт. Егер Сізден қарыз алған адам өзінің борышын қайтара алмайтын жағдайын түсінсеңіз, дұрысы оны күтудің қажеті жоқ. Босқа өзіңіздің психологияңызды бұзасыз. Мәселенки, қарыз алған адам аварияға түсіп қалса немесе жұмыстап босап  үйінде жатса, онда одан ақша сұрап, оған келіп уақыт пен қосымша ақшаларды жұмсаудың қажеттілігі жоқ.
 
 
3. Есепсіз көмек көрсете бермеңіз
 
Кейбір адамдар өздерін-өзі ыңғайсыз жағдайларға  қалдырады. Егер сіз ақша мәселесіне  дұрыс қарамайтын, жеңіл ойлайтын бір сөзбен айтқанда жауапсыз адамға қарыз берсеңіз онда қарыздың қайтарылмау себептерінің бір ұшын өзіңізден іздегеніңіз абзал. Қарызды тек жауапты, сенімге ие адамдарға ғана берген дұрыс.

 Міне, осы біз көрсеткен  осы үш  кеңес Сізді қарыз беру мәселелері бойынша «артық бас ауыруынан» сақтауға көмегін тигізеді.

Дереккөзі: hochu.ua

 
 
нравится:    869
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии