16 Декабрь
20:44
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
3 қараша 12:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қаржы психологиясы: қаржылық тәуелсіздікке жеткізетін амалдар
Адамдардың басым бөлігі ақшасыз қалмау үшін табанды түрде еңбек етеді. Ал ақшасын алғаннан кейін үнемшілдік пен сараңдыққа салынып, аздап жұмсауға тырысады. Сөйтіп отырып қамсыз өмір жайлы, қымбат заттар сатып алу жайлы армандайды.



Осылайша осы ойлардың шеңберінен шықпай жүре береді. Күнде таңертең жұмысқа барады, кешкісін шаршап-шалдығып келеді, өмірі осылайша өте береді. Қаржылық тәуелсіздікті қалайды, бірақ қорқыныштан артық қимыл жасай алмайды. Оны жеңу үшін не істеу қажет? Ол үшін жетістікке жеткізеті дағдыларды игеру қажет: ақша ағынын сауатты басқару, жүйе мен адамдарды басқара білу. Ең алдымен қаржылық білім керек. Ақша келеді, кетеді. Ал оның қалай жұмыс істейтінін білсеңіз ғана байи аласыз.
 
Жетістікке жеткізер жолға түсіңіз:
— нақты мақсат қойыңыз;
— күн сайын жақсы нәрсені таңдаңыз;
— жетістікке жетуге талпындыратын адамдармен достасыңыз;
— өзіңізге, сосын өзгелерге төлеңіз;
— тегін дүниені іздеңіз және алыңыз (курстар және т.б);
— активтерді дамытыңыз;
— жомарт болыңыз. Бергенде ғана көбірек ала аласыз. Біліміңізбен бөлісіңіз. Ақылды адамдар – бұлар өздерінен ақылды адамдармен жұмыс істейтін жандар.
— жаңа идеялар іздеңіз;
— мамандардан кеңес сұрауға қорықпаңыз;
— үнемі үйреніңіз;
— жан-жағыңызға зер салып, болып жатқан оқиғаларды саралаңыз.
— алыстан ойлаңыз;
— әр жетістіктен сабақ алыңыз;
— қимылдаңыз!
 
1. Бай адамдар ақшаға жұмыс істемейді, ақша оларға жұмыс істейді.
2. Пассивтен құтылып, активтер алыңыз. Актив қалтаңызға қаржы түсіретін, ал пассив шығын шығаратын дүниелер.
 
Активтер:
— Менің қатысуымды талап етпейтін бизнес. Мен оның иесімін, бірақ оны басқа адамдар басқарады.
— Акциялар.
— Облигациялар.
— Инвестициялық қорлар.
— Табыс әкелетін жылжымайтын мүлік.
— Авторлық қаламақылар.
3. Өз бизнесіңіз туралы ойлаңыз.
4. Қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз: бухгалтерлік іс, инвестиция, маркетинг, заңдар.
5. Кедергілерді жеңіңіз:
— Қорқыныш;
— Жалқаулық;
— Жаман әдеттер.
 
Роберт Кийосакидің «Бай әке мен кедей әке» кітабынан
нравится:    131
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии