20 Август
21:20
Астана: 20 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
27 мамыр 13:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қаржылық күйзелістен құтылудың 10 тәсілі
Отбасы –ол өміріміздің басты құндылықтарының бірі. Алайда өмір болғаннан кейін кейбір жағдайлар орын алуы әбден мүмкін. Мәселен, қаржы дағдарысы.

 

Қаржы дағдарысы уақытша болған күннің өзінде де түрлі жағдайлардың, өмірлік құндылықтардың өзгеруіне, адамның қаржылық күйзеліске түсіп отбасы тыныштығын бұзатын жағдайларға алып келуі бек мүмкін. Қаржылық күйзеліс мынадай жағдайлардан туындауы мүмкін:
1 .Қаржы тапшылығы.
2. Жұмыс орындарының қысқаруы.
3. Психикаға қысымның күшеюі.
4. Белсенділіктердің төмендеуі.

Бұдан құтылудың және қаржылай күйзелістен шығудың 10 тәсілін  мамандар былай көрсетеді. 



1. Болған проблемаға жабысып қалмауға тырысыңыз. Ойыңызды жақсы жаққа қарай бұрып, барынша жақсы пікір қалыптастыруға тырысыңыз.

2. Егер жылағыңыз келсе өзіңіздің эмоцияңызға ерік беріңіз.  Одан ұялмаңыз... Өйткені сіз көзіңіздің жасына ерік бергеннен кейін, өзіңізді сергек, жақсы сезінетін боласыз.

3.Өзіңіздің хоббиіңізді тауып алып сонымен айналысыңыз. Бұл сіздің ойыңыздың бөлінуіне және жаңа мүмкіндіктеріңіздің ашылуына септігін тигізеді.

4. Автомашина, несие алуды, босқа қаржы шашуды шектеу. Дүкенге тек алдын-ала есептеп дайындалған тізіммен ғана барыңыз. Және ең керектісін  сатып алыңыз. Бұл шығындарыңызды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

5. Қажеттіліктерді шектеу (газ, жарық, су ж.с.с.). Кез келген затты үнемдеп үйреніңіз. Үнемдеу қаржылық тұрақтылықтың негізі екендігін естен шығармаңыз.

6. Егер сіздің сәл де болсын қыдырғыңыз келсе қыдырып келіңіз.  Жеке бөлмеге кіріп айқайлап немесе қатты дауыстап ән айтсаңыз болады. Бұл да күйзелісті жеңілдетудің бір жолы.

7. Пайдасыз кәсіпті тастап, қажетті кәсіпті игеру қажет. Өзіңізге жаңа мүмкіндіктер қарастырыңыз.

8. Өзіңнің проблемаларың туралы досыңызға немесе құрбыларыңызға хабарлап айтыңыз. Олармен оны бөліскен кезде өзіңізді жақсы сезінесіз. Мүмкін олар сізге құнды, маңызды кеңестер берер.

9. Егер жұмыс орныңызды жоғалтып алсаңыз, өзіңіздің жан тыныштыңын сақтаңыз. Жаңа мүмкіндіктер және жаңа жұмыстар іздеуге бел шешіп кірісіңіз. Жұмыс іздеу сайттарына тіркеліп әрекеттер жасаңыз.

10.  Бір бет қағаз алып оған ойыңызды түсіріңіз. Не ойлайсыз, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін қағазға түсірсеңіз көңіліңіз жай табады.

 Дереккөзі: http://www.wearethebestfamily.com/

Аударма: reactor.inform.kz
нравится:    1043
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная, Тұлға,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии