|    |  
25 сәуір 2019
04:56
қаз
Қаржылық жағдайыңыздың қиындығын көрсететін белгілер
13 желтоқсан 2018, 17:56 11
Үнемі ақшадан қысыласыз ба, ақшаны ұқсата алмайсыз ба демек сізде қиындықтар бар деген сөз. Оның 6 белгісі бар. Назар аударыңыз:


 
1.Өзгелерден жаман болмауға тырысу


Әлеуметтік желілердегі жұлдыздарша өмір сүруге, солар сияқты қымбат киінуге тырысып, бар ақшаңызды шашсаңыз ақша мен байлыққа деген көзқарасыңыз дұрыс емес.

2.Күні бойы дүкен аралау

Шопинг деген әлсіздіктен құтыла алмасаңыз бұл да бір дерт. Күні бойы ақша шашуға үйренгенсіз. Ал сатып алған заттарыңыздың мүлде керегі болмауы да мүмкін.

3.Несиелер. Көп несие

Басыңызда бірнеше несие бар ма? Демек ақшаны дұрыс жарата алмайсыз. Бұл процесті тоқтату үшін несие алуды доғарып, бар несиелеріңізді тезірек жабуға тырысыңыз.
 
4.Ақшаны оңды-солды жұмсау

Біз көбінесе ақшамыздың қайда, неге жұмсалып кеткенін білмей қаламыз. Сол себепті бір ай бойы шығындарыңызды жазып, ақшаны неге жұмсағаныңызды байқап көріңіз. Сонда келесі айда артық шығындарды қысқартып, қаражатты тек базалық қажеттіліктеріңізге жұмсайтын боласыз.
 
5.Айлықтың құлысыз

Көпшілігіміз бір ғана табыс көзімен өмір үреміз. Ол айлықтың өзі келесі айға дейін жұмсалып кетеді. Сол себепті айлықтан бөлек қосымша табыс көздерін қалыптастыру керек.
 
Дереккөз: bbc.com


Жаңалықтар