19 Август
01:54
Астана: 15 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
13 қаңтар 17:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

KASE басқарма төрағасы Есжан Біртанов қызметінен кетті
""



Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 8 қаңтарындағы шешімімен KASE басқармасының төрағасы Біртанов Есжан Амантайұлының өкілеттілігі өз еркімен, басқа жұмысқа ауысуына байланысты, 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

«Е. Біртановтың жетекшілігімен KASE операциялық қызметін дамытуға және халықаралық қаржы институттармен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар мақсаттар орындалды. Лондонның қор биржасы, Thomson Reuters және Oliver Wyman сынды ұйымдармен өзара түсіністік меморандумдарына қол қойылды. 2015 жылы KASE БҰҰ-ның тұрақты биржаларға арналған бастамасының (UN SSE) серіктесі болды», — делінген баспасөз хабарламасында.

Басқарма Төрағасының міндеттерін атқарушысы болып Хорошевская Наталья Юрьевна тағайындалды.
нравится:    643
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии