20 Август
15:48
Астана: 21 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
5 қыркүйек 11:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қашқын тәжік полковнигі «Ислам мемлекеті» террористік тобының әскери лидеріне айналған

Ирак ақпарат құралдарының мәліметінше, қашқын тәжік полковнигі Гулмурод Халимов «Ислам мемлекеті» террористік тобының әскери лидері болып тағайындалған - деп жазады centralasian.org.

Alsumaria.tv порталы сенбі, 3 қырқүйекте Найнава ирак провинциясындағы қауіпсіздік қызметінің дереккөзіне сілтеме жасап, «Ислам мемлекеті» Тәжікстаннан қашып кеткен полковник Гулмурод Халимовты қаза тапқан Абу Умар аш-Шишанидің орнынан әскери қолбасшы етіп тағайындалғанын хабарлады.

Аталған порталдың мәліметінше, ИМ бұл тағайындауды АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалицияның шабуылдарынан қауіптеніп, ресми түрде жарияламаған. Осыған дейін ИМ-нің көптеген қолбасшылары әуе шабуылдарынан қаза тапқан.

Бірнеше күн бұрын АҚШ ИМ-нің құрамына қосылған тәжік полковнигінің мекен-жайы туралы ақпарат бергендерге, 3 миллион доллар төлеуге дайынбыз деп мәлімдеген. Халимовты террористік топтың басты фигураларының бірі деп есептейді.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің бұрынғы полковнигі әскери мерген болған. 2003-2014 жылдары америкалық терроризмге қарсы күрес орталығында арнайы жаттығудан өткен. Гулмурод Халимов 2014 жылдың сәуір айында жоғалып кетті. Бір айдан соң Сириядан табылды.
нравится:    688
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии