|    |  
21 қараша 2019
05:43
қаз
Кәсіпкер бәсекелесінен құтылу үшін киллер жалдаған
23 қазан 2019, 17:10 44
Қытайда риэлторлық компанияның қожайыны өзінің бәсекелесінен құтылу үшін киллер жалдаған. Ол киллерге 2 млн юань берген. Ол ақшаны алған киллер жарты сомасын өзіне қалдырып, жарты сомасына басқа киллер жалдап, істі соған тапсырған. Одан кейінгі киллер де дәл осылай жасаған. Осылайша бас-аяғы бес киллер болған.

 
 
Оқиға 2013 жылы басталған. Ең соңғы бесінші киллер өзіне ұсынған 100 мың юаньді азсынып, мұндай ақша үшін ауыр қылмыс жасауға болмайды деп шешкен. Содан кейін құрбандығына хабарласып, өлген кейіп танытуды ұсынған. Кәсіпкер келісіп, Шанхайға кетіп қалған. Содан кейін 2014 жылы қайтып келіп, полицияға жүгінген. Полиция бастапқыда оған сенбеген. Бірақ тексеріп көруге шешім қабылдаған. Соңында бес киллер мен тапсырыс берушінің өзін де тұтқындаған. Тапсырыс беруші 5 жылға, бірінші киллер 3,5 жылға, екінші және үшінші киллер 3,3 жылға, төртінші киллер 3 жылға, бесінші киллер 2,7 жылға сотталған.

Дереккөз: Esquire


Жаңалықтар