17 Декабрь
15:59
Астана: -10 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
12 маусым 17:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кәсiпкерлердi тексеру жазалау сипатында болмайды


1 маусымда басталған кәсiпкерлердi тексеру науқаны жазалау сипатында болмайды. Бұл туралы бүгiн ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң төрағасы Дәулет Ерғожин мәлiм еттi.
Бiз 1 маусым күнi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң салықтық және кедендiк тәртiптi күшейту үшiн бастаған тексерiстерi жазалау сипатында болмайтындығын түсiндiрдiк. Қазiргi уақытта хронометражды зерттеулер жүргiзiлуде. Тексерiстер тек бiрқатар тұлғаларға жасалады. Жоспарланған акция немесе бизнеске қысым жасау жоқ», - дейдi Д. Ерғожин.
Оның сөзiне қарағанда, Алматыда зерттеуге iлiккен компаниялардың саны 200-ден аспайды. Жалпы ел бойынша 1200 компания тексерiлмек. 
«Яғни 1,2 млн. кәсiпкердiң 1 пайызына да жетпейдi», - деп атап өттi комитет басшысы.
Оның сөзiне қарағанда, бизнесмендердiң денi салық мiндеттемелерiн сауатты орындауда. 

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    765
Теги: Бизнес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии