|    |  
23 қыркүйек 2019
11:55
қаз
Кәсіпкерлерге кеңес: Егер сізге тексеріс келсе
22 желтоқсан 2016, 12:11 38


Тексерістер тағайындау және жүргізу мәселелері Кәсіпкерлік кодекстің 2-параграфында регламенттелген. 

Тексерістер мынадай түрлерге бөлінеді:
·         тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерістер(адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындалатын тексеру);
·         ішінара (адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нәтижелерін талдау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындалатын тексеріс);
·         жоспардан тыс (адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тексеру тағайындауға негіз болған нақты тексерілетін субъектіге қатысты, тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындалатын тексеріс(жоспардан тыс тексеріс негіздемелерінің тізбесі Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген).
Көлемі бойынша тексерістер кешенді және тақырыптық болып бөлінеді.
Тексеріс қаншалықты ұзаққа созылады?
Тексеріс 30 жұмыс күнінен аспауы керек (Салық кодексінің 629 бабындаға уақыт регламентімен көрсетілген салықтық тексерістен басқа жағдайда).

Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізілуі керек, сонымен қатар қосымша тексеріс көлемін қажет ететін жағдайларда,салықтық тексеріс жүргізілетін жеке жағдайларды қоспағанда,тексеріс жүргізу уақыты бақылау және қадағалау органының башысымен (немесе оны алмастыратын тұлғамен) 30 жұмыс күнінен аспайтын уақытқа тек бір мәрте ұзартылуы мүмкін.

Сіз білуге тиіссіз:
1. Тексеруші мыналарды көрсетуі тиіс:
·         Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің сіздің облыстағы (қаладағы) Басқармасында тіркеу туралы мөртабан басылған тексеріс тағайындау туралы актісін;
·         қызметтік куәлігін;
·         тексеруге жататын талаптардың тармақтарын көрсете отырып тексеру парағын.
 2. Сіз тексерістің заңдылығын http://service.pravstat.kz/ мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ақпараттық сервисінің «Сіздің бизнесті тексерудің заңдылығы» бөліміне жүгіну арқылы тексере аласыз.
3. Тексеріс тағайындау туралы актіде көрсетілмеген тексеруші тұлғалар тексеріс жүргізуге құқылы емес.    
4. Тексеріс жүргізудің басталуы болып тексеріс тағайындау туралы акті тапсырылған күн есептеледі.
 
Меморгандар кәсіпорындарға алда болатын тексеріс туралы хабарлауға тиіс пе?
Әрине, ерекше тәртіп бойынша тексерістің басталатыны туралы және ішінара тексеріс туралы 30 күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабарлануы тиіс. Жоспардан тыс тексеріс кезінде тексеріс басталғанға дейін бір тәулік бұрын хабарлануы қажет.
Бұл ережеден тыс өткізілетін тексерістерге Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабының 3-тармағының 2, 7, 9, 10 тармақшаларына және 6,7 тармақтарына сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерістер жатады. 
 
Тексеріс жүргізу барысындағы сіздің құқықтарыңыз

Сіз құқылысыз:
·         егер жүргізілетін тексеру, тексеріс нысанасына жатпаса немесе актіде көрсетілген кезеңге жатпаса, ондай мәліметтерді бермеуге;
·         лауазымды тұлғаның қызметіне кедергі келтірмей, аудио және бейнетехниканың көмегімен тексеріс процесін жазып алуға;
·         тексеріс тағайындау туралы, тексеріс нәтижелері туралы актіге, сондай-ақ тексеруші тұлғаның әрекеттеріне жоғары тұрған мемлекеттік органға не сотқа шағым беруге;
·         сіздің қызметіңізді шектейтін, тексерушілердің заңда негізделмеген тыйымдарын орындамауға (мысалы, ешқандай негізсіз қызметті тоқтата тұру туралы талап);
·         өз мүдделеріңіз бен құқықтарыңызға өкілдік ету мақсатында, тексеріс жүргізу кезінде сол жерде болуға, сондай-ақ тексеріске қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға.
Сізге тексеріс жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органының лауазымды тұлғалары мыналарға құқылы емес екендігін білген жөн:
·         осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрек етететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;
·         егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектiлерi болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
·         өнiм үлгiлерiн, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынақ, өлшеу жүргiзу үшiн көрсетiлген үлгiлердi, сынамаларды белгiленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгiлердi, сынамаларды iрiктеу қағидаларында және оларды зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу әдiстерiнде, техникалық регламенттерде немесе олар күшiне енетiн күнге дейiн қолданыста болатын өзге де нормативтiк техникалық құжаттарда, зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу қағидаларында және әдiстерiнде белгiленген нормалардан асатын көлемде iрiктеп алу туралы хаттамаларды ресiмдеместен, оларды iрiктеп алуға;
·         Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
·         тексеру жүргiзудiң белгiленген мерзiмдерiнен асып кетуге;
·         мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерiлетiн субъектiлердiң есебiнен шығынды сипаттағы iс-шараларды жүргiзуге.
Тексерушілер тексеріс қорытындысын қалай ресімдеуі тиіс?
Тексерушілер 2 данада тексеру нәтижелері туралы акті жасайды, оның біреуі сізге тапсырылады. Егер ескертулер немесе наразылықтар болса, сіз оларды жазбаша түрде мазмұндай аласыз, олар актіге қоса тіркеледі.
Тексерушілердің заңсыз әрекеттерінің салдарлары:
Өрескел бұзушылықпен жүргізілген тексеріс (тізбесі Кәсіпкерлік кодексінің 156-бабының 3-тармағында келтірілген), жарамсыз деп танылады, бұл оны кейінге қалдыру үшін негіз болып табылады.
 
Қандай тексеріс заңсыз болуы мүмкін

Егер Кәсіпкерлік кодекс талаптарын өрескел бұзушылықтармен жүргізілсе, тексеріс жарамсыз деп танылады:
1.     тексеріс жүргізу негіздерінің жоқтығы;
2.     тексеріс тағайындау туралы актінің жоқтығы;
3.     тексеріс жүргізу туралы хабарлама мерзімдерінің сақталмауы;
4.     ерекше тәртіп және ішінара тексерістер бойынша тексерістер жүргізудің мерзімділігін бұзушылық;
5.     тексерілетін субъектіге тексеріс тағайындау туралы актіні ұсынбау;
6.     өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерістер тағайындау;
7.     тексеріс тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу органарында тіркеусіз тексеріс жүргізу;
8.     тексеріс жүргізу мерзімдерінің бұзылуы.
 
 
Материал ҚР Бас прокуратурасы әзірлеген "Прокурордың 100 кеңесі" жобасы бойынша әзірленді
http://prokuror.gov.kz/kaz/advice

 


Жаңалықтар