16 Декабрь
07:35
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
22 сәуір 15:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Каспий теңізі – әлемдегі ең ірі жабық су қоймасы
Каспий теңізі Қазақстанның батыс жағында орналасқан.Теңіздің атауы «каспий» атты ерте заманда мекендеген тайпа атауына байланысты.Сонымен қатар теңіздің басқа да атаулары болған:Гирқандық,Хазарлық,Хвалындық.Каспий теңізі және оның жағалауында мекендеген тайпалар туралы алғашқы деректер Геродот еңбектерінен кездеседі.Ал Каспий теңізінің аудандарын зерттеген орыс саяхаттанушылардың алғашқы құжаттары IX-X ғасырларға жатады. XVIII ғасырдың басында Петр I Каспий теңізін жіте зерттеуге кірісті (Бекович-Черкасский экспедициялары).Бұл өңірлерді зерттеуде  Соимонов И.Ф., Ивашинцев Н.А., Поллас П.С., Гмелин С.Г., Карелин Г.С. тағы басқа да ғалымдар мен саяхаттанушылардың еңбектері зор.


Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 шақырымға созылған,орташа ені – 320 шақырым,жағалау ұзындығы 7000 шақырымға жуық (6000 шақырымы Ресей мен басқа елдерге қарасты) .Акватория аймағы - 371000 шаршы шақырым;Теңіздің ең терең жері – 1025 метр (оңтүстік жағында).Теңіздің қазақстандық бөлігі терең емес,солтүстік жағалауының тереңдігі 15-20 метрге жуық. Қазақстан аумағындағы ең ірі шығанақтар – Комсомол,Маңғышлақ ( Маңғыстау), Кендірлі, Қазақ, Қар-Бұғаз-Гол және тб . Барлық елу аралдың аумағы 350 шаршы шақырым. Еділ, Орал және Ембі өзендері Каспий теңізіне солтүстіктен құяды.


Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай Солтүстік, Орталық және Оңтүстік болып 3-ке бөлінеді. Солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегінің бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері, Оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Солтүстік бөлігі  температураның тұрақсыздығымен ерекшеленеді, ауа-райы континенталды, ал батысы бір қалыпты, ал оңтүстік бөлігі барынша ылғалды, субтропикалық болып келеді. Солтүстік өңірде үнемі құрғақ ауа сақталады. Орталық және солтүстік бөліктерде қазан-сәуір айларында жауын-шашын мөлшері барынша аз болады.

Теңіз екі климаттық белдеуде орналасқан. Жазда Каспий теңіздің беті қатты қызады, температура барлық бөлігінде бірдей: шілденің орташа температурасы +24 +26 C. Қыста температура өзгеше. Солтүстікте қыс қатты. Каспий теңізінің түбінде мұнай мен газдың сарқылмас қоймалары жатыр. Шілде және тамыз айларындағы ауа райы көрсеткіші- +24 +26 C,ең жоғары температура- +44 C.Қысқы айларда температура солтүстіктегі -10 С мен оңтүстіктегі -12 С дейін құбылып тұрады. Теңіздің шығыс жағалауының қысы барлық еңдікте де батыс жағалауға қарағанда суықтау келеді. Қыс айларында Каспийдің солтүстік таяз бөлігі ғана қатады. Мұздың қалыңдығы 2 метрге дейін жетеді.

Теңіз суының орташа тұздылығы - 12,7-12,8%, шығыс жағалауларында - 13,2%,, ал Орал мен Еділге жақын сағасында - 0,1-0,2% құрайды. Теңіз деңгейі кей уақыттары 2,5 м, кейде 2 м дейін түсіп кетеді. Теңіздің орташа тербеліс стандарттары  шамамен 30 см құрайды. Бізге белгілі болғандай, теңіз суының ең төменгі деңгейі VII- XI ғасырларда (- 2-4 м) анықталған.


Теңіз суының соңғы кездегі төмендеу деңгейлері 1929 жылдан бастап 1957 жыл аралығында тіркелген. Бұл жағдайлар климаттық құрғақшылыққа, сонымен біре өзенде үлкен гидротехникалық  және ирригациялық құрылыстарды салумен тікелей байланысты болды.

Каспий теңізінің флорасы мен фаунасы басқалармен салыстырғанда кедей. 500 жуық өсімдік түрлері өседі және 854 балық түрлері мен су жәндіктері, бірнеше құс түрлері теңізді мекен етеді. Каспий теңізінің жағасында экономикалық маңызды  Атырау, Ақтау, Эралиев,Балықшы, Ганюшкино т.б. көптеген елді-мекендер орналасқан.
 
нравится:    7465
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии