|    |  
22 ақпан 2020
03:20
қаз
Қатал мінезді соғыс ардагері кафе даяшысына мол мұра қалдырған
24 тамыз 2018, 10:43 61


АҚШ-тың Техас штатында даяшы өзінің әріптестері қызмет көрсетуден бас тартқан ашушаң қарияға 16 жыл бойы қызмет көрсеткен.

Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Уолтер Сворд 16 жыл бойына Мелина Салазар даяшы болып қызмет ететін кафеге үнемі келіп, тамақтанып жүрген. Кафе қызметкерлері қарияның мінезі шатақ екенін айтып, оған ешқайсысы қызмет көрсеткісі келмеген.
 
Ардагер біраз уақыттан бері кафеге келуді тоқтатқаннан кейін, даяшы бұған алаңдай бастайды. Кейін анықталғанындай, Сворд қайтыс болған екен. Қарияның адвокаты даяшыға мұра қалдырғанын мәлімдеген.

Белгілі болғандай, ардагер соңғы жылдары Мелина Салазар қызмет ететін кафеден ғана тамақтанып жүрген. Көптеген даяшылардың ішінде оған ұзақ уақыт бойына жалғыз өзі қызмет көрсеткені үшін ардагер даяшыға алғыс ретінде мол мұра қалдырған. Осылайша Мелина Салазар 50 мың доллар мен автомобиль көлігін заңды түрде иеленген.


Дереккөзі: www.segodnya.ua


Жаңалықтар