20 Август
00:39
Астана: 11 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
28 қыркүйек 10:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Каталонияда тәуелсіздікті жақтайтындар жеңіске жетті
Испанияның Каталония аймағының парламент сайлауында аталмыш автономиялы қауымдастықтың тәуелсіздігін қалайтын каолиция топ бастап келеді. Бұл туралы Interfax хабарлады.



Алдын ала сауал салу осыны көрсетті. Осылайша Junts pel Si коалициясы Каталония парламентіндегі 135 орынның 63-66 орнын алатын болып отыр.

Мұның өзі абсолютті (68 орын) басымдық алу үшін жеңімпаздарға коалициямен ынтымақтас болатын тағы бір партияны іздестіруге тура келеді. Қазір бұл орынға тәуелсіздікті жақтайтын тағы бір партия – әсіресолшыл CUP партиясының келетіні айтылуда.

Бұдан бұрын Каталонияның тәуелсіздікке жетуін жақтаушылар парламентте абсолютті басымдыққа ие болудың Испаниядан бөлініп шығудың алғашқы қадамы болып табылатынын ескерткен еді. Сепаратистердің есептері бойынша Каталония 2017 жылы тәуелсіз мемлекет атануы тиіс.

Ал Мадрид өз тарапынан әңгіме Каталония парламентінің әдеттегі сайлауы туралы болып тұрғанын, оның бұл қауымдастықты тәуелсіздікке жеткізуге ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    733
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии