22 Август
18:57
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
22 шілде 17:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Катар диалог жүргізуге дайын екенін хабарлады
Катар араб елдерімен диалог жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.



Ең бастысы мемлекеттің ұлттық егемендігіне нұқсан келмеуі тиіс. Бұл туралы өз телеүндеуінде Катар әмірі жария етті. Бұл Тамим бен Хамад әл Танидің ахуалға қатысты көпшілік алдында алғаш рет сөз сөйлеуі.

Айта кеткен жөн, маусымның басында Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн мен Мысыр Дохамен дипломатиялық қарым-қатынасын үзіп, санкциялар енгізген. Олар мемлекетті «лаңкестікке қолдау» көрсетіп, Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтырды», – деп айыптап отыр. Кейіннен осы елдер Катарға ультиматум қойды. Онда Иранмен дипоматиялық және әскери қарым-қатынасын тоқтату, лаңкестік ұйымдарды қаржыландыруды доғару және «Әл-Жазира» телеарнасын жабу секілді 13 шарт айтылған. Алайда ресми Доха тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарып, оларды орындаудан бас тартты. Артынша бұл төрт араб мемлекеті талаптар санын азайтқан болатын. 

Дереккөз: 24.kz
нравится:    56
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии