22 Август
01:30
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
21 мамыр 15:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қатарынан 17 қызбен жүрген жігіт қамауға алынды
Қытайдың Хунань провинциясында қатарынан 17 бойжеткенмен жүрген Юан есімді жігіт қамауға алынды.


Алаяқ жігіттің былығы екі ай бұрын, өзі жол апатына түскен кезде анықталған екен. Жігіт жол апатына түскен кезде, ауруханадағы қызметкерлер «жақындарының» барлығына хабарласып шыққан көрінеді.
Сөйтіп, 17 қыз «жалғыз менің ғашығым» деп жүрген жігіттің жанына жиналғанда, айтарға сөз таппаған, деп жазады «Би-Би-Си».
Юан осы 17 қыздың кейбіреуімен ұзақ жылдар бойы қарым-қатынаста болған. Олардың арасында тұрмысқа шығамын деп дайындалып жүргендері, тіпті, дүниеге сәби әкелгендері де бар.
«Жол апаты болды деген кезде, қатты қорқып кеттім. Мен Юанмен бір жарым жылдан бері кездесіп жүрмін. Бірақ, палатаға басқа қыздар келе бастағанда, оны аямақ түгелі, көзімнен жас шыққан жоқ», – дейді алданып қалған қыздардың бірі Сяо Ли.
Қытайдың баспасөз өкілдері хабарлағандай, алданып қалған арулар ғаламторда «Юанға қарсы кек алу альянсын» құрыпты. Осы топтағы әңгімелердің арқасында анықталғандай, жігіт әрбір «ғашығынан» ай сайын ақша алып отырған екен.

Дереккөз: BNews
 
нравится:    712
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии