20 Август
02:38
Астана: 11 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
30 маусым 09:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қатерлі ісікті жеңген балалар жарысқа қатысты
Мәскеуде қатерлі ісікті жеңген балалардың халықаралық ойындары өтуде. Дүниежүзілік жеңімпаз балалар ойындарына қазақстандық бүлдіршіндерде қатысты. Мәскеуде алтыншы рет өткізіліп жатқан қатерлі ісік дертін жеңген балалардың Халықаралық олимпиадалық жарыстарына биыл әлемнің 15 елінен 500-ден астам бала қатысты.



Қатерлі ісік дертін жеңген Халықаралық олимпиада ойындарының тарихы 2007 жылдан бастау алады. Алғашқы ойындар Варшава қаласында өткен еді. Ал 2010 жылдан бері бұл ойындар Мәскеуде ұйымдастырылуда. Бұл жарыстар өзге спорттық ойындарға мүлдем ұқсамайды. Мұнда қолдарына алғаш рет ракетка ұстаған балалар да олимпиадаға қатыса алады. Өйткені бұл ойындарға қатысып жатқан балалардың көбі бұған дейін төсек тартып, ауруханада жатқан еді.

Чулпан Хаматова, «Подари жизнь» қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы: - Бұл жерге онкологиялық ауруды жеңген әлемнің әр жерінен балалар келеді. Кейбіреулері ауруханада жатып, бірнеше ай бойы далаға шықпай, күн көрмей, шектеулерде өмір сүруге мәжбүр болған. Осында келген балалар бір-бірімен танысып, күліп, ойнап, дені сау балалар секілді өмір сүруге үйренеді. Бұл жер оңалту орталығы іспеттес. Қатерлі ісік дертін жеңген жеткіншіктер бүкіләлемдік балалар ойындарына қатысу арқылы өздеріне жаңа мүмкіндіктерді ашуда. Алматыдан ойындарға арнайы келген Аружан денсаулығының сыр бергеніне байланысты бұған дейін істеп көрмеген әр түрлі қызықты нәрселерді осындағы көптеген балалар секілді өмірінде бірінші рет жасап көруде.

Аружан Тоқан, олимпиадаға қатысушы: - Қоқынышты. Бірақ күшті болды. Маған күш-қуат береді. Өз ауруымды жеңуге көмектеседі. Олимпиада болған соң Қазақстаннан келген бүлдіршіндер ел намысын қорғауға дайын. Қатерлі ісік дертінен айығу үшін осындай оңалту шаралары балалар үшін өте қажет дейді дәрігерлер. Тек Ресейдің өзінде жылына 5 мың бала қатерлі ісік аруына шалдығады екен. «Қатерлі ісік – үкім емес» деген жеткіншектер олимпиадаға қатысып, өмірінің әр минутынан ләззат алып, науқастанған өзге адамдарға үлгі көрсетті. Авторлары: Руслан Оспан, Тимур Алтыебаев

Дереккөзі:24.kz
 
нравится:    962
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии