|    |  
14 қараша 2018
13:48
қаз
Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері
13 ақпан, 14:35 2412

1.Тері астының нығыздануы

Бұл сырқаттың аллғашқы этабында байқалады. Сондықтан тері құрылымындағы, шырышты қабат пен жұмсақ тіндердің өзгерістерін тексерістен өткізіп отырған жөн.

2.Терінің қышуы

Иммундық жүйе қатерлі  ісікті бөтен нәрсе деп қабылдап, бірден шабуылға көшеді. Соның салдарынан зақымданған аймақта қан айналымы күшейеді. Тері содан қызарып, түсі өзгеріп, қыши бастайды. Сол тұстағы терінің қызуы да өте жоғары болады.

3.Жазылмайтын, созылмалы жаралар

Егер жырып кеткен, сырып алған жаралардың орны біразға дейін жазылмаса, қатерлі ісіктің немесе басқа да қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін. Міндетті түрде толыққанды тексеруден өтіңіз.

4.Ауыз қуысындағы, тілдегі ойық жара немесе бөртпелер

Сондай-ақ, ауыз қуысының кез келген өзгерісі ұзаққа созылса, бей-жай қалдырмаңыз.

5.Жұтынуда, асқорытуда мәселе туындаса, тәбет тартпаса

Мұның салдарынан дұрыс тамақтана алмайсыз, ол қорытылмағаннан кейін ағзаға қажетті дәрумендер де жеткіліксіз болады. Нәтижесінде иммунды жүйеңіз әлсірейді.

6.Ішек жұмысының бұзылуы

Іш ауруы екі күннен ұзаққа созылса, үлкен дәрет тым қою немесе тым ашық түсті болып кетсе, шырыш, қан аралас шықса, сондай-ақ, іш қатуы байқалса, тексеріліп, емдеу шараларына кірісіңіз.

7.Несеп шығарудың өзгерісі

Ағыны, түсі, иісі өзгерсе, көбік аралас болса, оның себебін анықтаңыз.

8.Дауыстың өзгеруі

Қатерлі ісік түтікшелері дауыс ырғағына, тонына әсер етеді.

9.Жөтел

Өкпенің, тамақтың, асқазанның ісік ауруларында жөтел жиі байқалады. Жөтел ұзаққа созылса, тексеріліңіз.

Бұл айтылған жағдайлар қатерлі ісіктің белгілері болмауы да мүмкін. Бірақ міндетті түрде тексеріліп, сырқатыңыздың себебін анықтап алыңыз.

 http://ikerim.kz/2017/02/09/densaulyk-katerli-isik/
Теги: Денсаулық
Жаңалықтар