Кербез
2 мамыр 17:58
Қатерлі ісіктің өршуіне себеп болатын 8 тағам


1. Тазартылған қант пен жасанды тәттілендіргіштер.
Тазартылған қант тек инсулин деңгейін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар обыр жасушылары үшін жұғымды орта болып табылады. Бұл факті ғылымға көптен бері белгілі.
Сонау 1931 жылдан бері Нобель сыйлығының лауреаты,  неміс Отто Варбург алғаш рет ісіктердің қантпен қоректенетіндігін анықтады. Обыр жасушыларының өсіп, таралуы үшін құрамында фруктозалары жоғары тәттілендіргіштер керек, өйткені, олар жылдам зат алмастырады.
Немен алмастырған жөн?
Бал, пальма қанты, шикі сірне, үйеңкі шәрбаты, шаушат.

2. Қайта өңделген ет.
Қайта өңделген ет дегеніміз фабрикадан шыққан сүрсүбе, сосиска, шұжық сынды ет өнімдері. Гавай университеті жүргізген зерттеу мұндай өнімдер ұйқы безі обыры тәуекелін 67 пайызға арттыратындығын анықтаған. Қайта өңделген еттің құрамында химикаттар мен консерванттар, оның ішінде дәмін жасқартқанымен, өзінің канцерогендігімен де белгілі нитраттар көп кездеседі. Әсіресе, сүрленген ет барынша зиянды. Себебі ол өзіне шайырды сіңіреді.
Немен алмастырған жөн?
Майсыз ет сатып алып, оны өзіңіз әзірлеңіз.

3. Жасанды жолмен өсірілген балық.
Коммерциялық балық шаруашылығы осы тығыз жағдайда балықты (мәселен арқан балық) көптеп өсіруге негізделген. Мұндай тар әрі тығыз жерде бактериялық, вирустық және паразиттік эпидемияның өршу қаупі өте жоғары. Осыған байланысты балықтарды антибиотиктермен, пестицидтермен және басқа да канцерогендермен өңдейді. Бұған қоса, фермерлік арқан балықтың құрамында жабайы балыққа қарағанда омега-3 өте аз болады.
Немен алмастырған жөн?
Жабайы арқан балық сатып алыңыз. Ол қымбат болғанымен, қауіпсіз.

4. Тұздалған және сүрленген азық-түліктер.
Әдетте мұндай азық-түліктердің құрамында олардың жарамдылық мерзімін ұзартатын нитраттар сияқты консерванттар өте көп болады. Уақыт өте келе бұл қоспалар адамның ағзасында жиналып қалады. Сөйтіп, соңында олар жасушылардың бұзылуына жол ашады, ал бұл обырды қоздырады. Жылумен өңбек барысында сүрленген өнімдегі нитраттар барынша қауіпті нитритке айналады.

5. Гидрогенизирленген май.
Гидрогенизирленген май (ол — транс-майлар) — Бұл синтетикалық өнім, оның химиялық құрамы ұзақ уақыт сақтау үшін жасанды жолмен өзгертілген. Бұған қоса, иісті жойып, дәмін жасқарта түсу үшін майға химикаттар қосылады. Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, фабрикадан шығарылған өнімдердің құрамына кіретін гидрогенизирленген және жартылай гидрогенизирленген майлар омырау обыры тәуекелін екі есеге арттырады.
Немен алмастырған жөн?
Бірінші сығылған зәйтүн майы, кокос майы немесе пальма майы.

6. Картоп қытырлағы.
Осынау танымал тағам гидрогенизирленген өсімдік майында қуырылып, одан кейін қатты тұздалады. «New England Journal of Medicine» журналында жарияланған зерттеу мәліметтеріне сәйкес, күніне не бәрі 30 грам майға қуырылған картоп жеу жылына 1 келі салмақ қосады.
Бұған қоса, майға қуырылған картоп құрамында холестерин мен натрий деңгейін арттыратын, қан қысымын көтеретін транс-майлар да бар. Ал жоғары температурада қуыру шылым құрамында болатын канцероген – акриламидтың жинақталуына алып келеді.
Немен алмастырған жөн?
Картопты пайдалы майға (мәселен зәйтүн майына) өзіңіз қуырып алыңыз.

7. Қысқа толқынды пештен шыққан попкорн.
Қысқа толқынды пештен шыққан попкорн – ыңғайлы әрі салыстырмалы түрде айтқанда пайдалы тағам болғанымен, ол дайындалатын пакетке мүлдем басқа мәселе. Қысқа толқынды пеште попкорн дайындауға арналған пакеттердің көпшілігінде перфтороктанды қышқыл бар.
Бұл уыт омырау, бауыр, аш ішек, қуық, простат, өкпе, қалқанша мен қан обыры тәуекелін айтарлықтай арттыра түседі.

8. Тазартылған ақ ұн.
Ұн тазарту барысында барлық құнарлы қасиетінен айырылады, ал одан кейін оны тұтынушылар үшін барынша тартымды жасау мақсатында хлор газбен ағарады. Ақ ұнның гликемиялық индексі өте жоғары. Яғни, ол қоректік заттар ұсынбайды және инсулин деңгейін арттырады. Ағза көмірсутектерді қантқа айналдырып жібереді. Демек, құрамында ақ ұн көп азық-түлік инсулинорезистенттіліктің артуына алып келеді.
Немен алмастырған жөн?
Барлық бидай, бадам, арпа ұнымен.

Дереккөз: http://www.orthodox.od.ua

Комментарии




Яндекс.Метрика