12 Декабрь
06:46
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Туризм
9 желтоқсан 16:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Катонқарағай ауданында Боинг ұшақтарын қабылдайтын әуежай салынады


Катонқарағай ауданында инфрақұрылымды дамыту мақсатында аумағы 80 га жуық әуежай құрылысы жоспарлануда. 
Жобалық құны 13,2 млн теңге құрайтын әуежай тікұшақ алаңымен қатар, Боинг ұшақтарын қабылдайтын жолақтармен жабдықталады. Бұл жайлы баспасөз маслихаты барысында Катонқарағай ауданының әкімі Қалиқан Байғонысов мәлімдеді.

Жаңа әуежай аудан орталығы Үлкен Нарын ауылында салынады. Алдағы уақытта әуежай тек ел аумағынан ғана емес, шетелден де туристерді қабылдап, инфрақұрылымды жандандыра түспек.

– Әуежай құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттар жүйесі әзірленуде және қажетті қаражат қарастырылып жатыр. Алдағы уақытта әуежай бірнеше ірі әуе компанияларымен бірге жұмыс жасайды деген сенімдеміз, – дейді Қалиқан Байғонысов.

ozgeshe.kz
нравится:    710
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии