16 Август
23:26
Астана: 15 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Туризм
23 қазан 14:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қатутау туристер үшін қызықты мекен (видео)
​Қатутау таулары «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық саябағының орталық және шығыс бөлігінде орналасқан. Жұртшылық жиі бара бермейтін, жердің геологиясын зерттеушілер мен туристер үшін қызғылықты өңір.



Алыстан өте сұсты көрінетін таудың аты затына лайық. Батыстан, Іле аңғарының бойынан қарағанда тастақ сары шөл үстіндегі қара монолитке ұқсайды. Жасыл-желекті Қосбастау шатқалы аяқталғаннан кейін тауда тіршілік белгісі жоқтығы алыстан-ақ аңғарылады. Себебі өте қарапайым. Ықылым замандарда бұл жерлерде Еуропадағы Везувий мен Этнадан, Камчаткадағы «Атаусыз» жанартаудан кем түспейтін жанартаулар болған. Таулар сол жанартау жыныстарынан түзілген. Оларды жанартау таулары деп тегін атамас керек. 



Көне су орнының аумағындағы бұл таулар мен сөнген жанартаулар шөгінді жыныстардың астында көміліп қалды.  Миллиондаған жылдар өте су тартылып, түбі жел мен жауын-шашынның әсерінен бұзылған, бірақ әлі күнге дейін шөл күйінде қала берді. Тайыз шатқалдарда жанартау жыныстары жалаңаштанып, су мен желдің эрозиясына ұшырады. Шеберлігі шексіз табиғаттың «монументтер мен мүсін салуға уақыты жеткілікті» болды. Нәтижесінде сюрреалистік композициялар мен жекелеген пішіндер қалыптасты. Бұл өңірден кез-келген талғамға сай келетін табиғи туындыны кездестіруге болады.



 Шатқалдың бірінде айдаһарға да, діни ғибадатханаға да ұқсайтын қызыл тастар бар. Тағы бір төбенің астында ежелгі жанартаудан аумайтын ақ белесті құм дала жатыр. Бәлкім олар су  түбіндегі шөгінділердің астынан көтерілген жанартаулар болар.  Шатқалдағы бұрылыста көне заманда қатып қалған лаваның қызыл жарлары жатыр.



Дегенмен сұсты тауларда да тіршілік мүлде жоқ деуге болмайды. Көне аңғарларды бойлай сексеуіл мен жүзгін өседі. Жартастар арасына кесірткелер мен тағы да басқа сирек кездесетін жәндіктер жүреді. Табиғат заңы қандай сұрқай болса да бұл жерде де ғажап туындыларын жасаған.



Әуелде өлі өңірге ұқсаса да өзіне ғана өзгеше сұлулығы бар Қатутаудың жанды тіршілігі туралы ұзақ әңгімелеуге болады. Адам аяғы түсе бермейтін бұл өңірде көзбен көріп, тамашалау керек.



Дереккөзі: http://almatyregion-tour.kz/
нравится:    1460
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии