Туризм
27 тамыз 11:15
Қауіпті жерде селфиге түскен турист тұтқындалды
Нью-Йорктегі Бруклин көпіріне шығып алып, селфиге түскен Америкалық турист Дэвид Карнауч (David Karnauch)  қамауға алынды.  Ол жаздың бас кезінде телемұнараның қиыр ұшына шығып түскен суретін «Инстаграмдағы» парақшасына жариялаған болатын.



Карнауч биіктігі 84 метрлік көпірдің тіреуіне шыққан. Өмір үшін қауіпті жерде селфиге түскен жігіт қазір Нью-Йорк штатында қамауда отыр.  Жалпы бұл Дэвидтің жалғыз ғана «ерлігі» емес.

Өткен жылы Бруклин көпірінің ең басына шыққан 24 жастағы ресейлік турист, басын қауіп-қатерге тіге отырып, рұқсатсыз жерге кіргені үшін қамауға алынғаны белілі.

Дереккөзі: Газета.Ru

Комментарии




Яндекс.Метрика