22 Август
22:43
Астана: 21 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Кербез
7 тамыз 11:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қауынның адам денсаулығына пайдасы




Қауын – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қауын жабайы түрде Оңтүстік - Батыс Азия мен Африкада өседі. Бұдан 2 мың жыл бұрын Қауынды Кіші және Орта Азия жерінде мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған.

Қауын – ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Қауынның құрамында: қант, А, Р, С дәрумендері, аскорбин қышқылдары, темірдің минералды тұздары, калий, натрий және фруктоза, сахароза, глюкоза көміртектері бар. Қауын тек дәмі тіл үйіретін жеміс қана емес, оның адам денсаулығына пайдалы тұстары да өте көп.

Қауынның адам денсаулығына пайдасы:

1. Қауын - төмен калориялы жеміс түрі. Оның 100 грамында небары 33 калория болады. Сондықтан, оны артық салмақтан арылғысы келетіндерге жеуге кеңес береміз.
2. Сонымен қатар, ішіңізді жүргізуге де әсер етеді. Егер ішекті зиянды заттардан, қоқыстардан тазалағыңыз келсе, қауын жеңіз.
3. Кімнің бауыры және қуығы ауырса, сол адамдарға қауын өте пайдалы.
4. Бүйректен тас пен құм шығарады.
5. Қандағы гемоглабин мөлшерін көбейтеді.
6. Ағзаңызды әртүрлі аурудан құтқарып, иммунитетіңізді қатайтады.
7. Жүрек-қан тамыр ауруларының да алдын алады.
8. Жүйке жүйесін тыныштандырады.
9. Жазда шөлге жақсы.

Қауынды қалай таңдау керек?

Жақсы қауынның сабағы қалың болады. Ал қауынның піскендігін білу үшін сабағына қарама-қарсы беттегі қыртысын басып көру керек, шала қауынның сол тұстағы қабығы– қатты, ал піскен қауынның қабығы – басқан кезде аздап басылып, жұмсақ екендігі байқалып тұрады.


Қауынды мына өнімдермен бірге қабылдауға болмайды:

- сүт өнімдері мен алкогольді ішімдіктермен бірге қолданғанда ас қорыту жүйесінің бұзылуын тудырады;
- бала емізіп жүрген аналарға тұтынуға болмайды, ол баланың ас қорыту жүйесіне кері әсер етуі мүмкін.
- қант диабетімен ауыратындар үшін тұтынуға болмайды, өйткені қауында қант мөлшерде көп;
- асқазан - ішек жолдарының жұқпалы аурулары кезінде;
- гастрит, асқазан және ұлтабар ойық жарасы аурумен ауыратындар үшін.

Қауын - табиғаттың тамаша сыйы, дұрыс тұтына білсе адамға денсаулық пен сұлулық және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

 
нравится:    1056
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии