Кербез
31 желтоқсан 16:53
​Қай шарды таңдайсыз? (психологиялық тест)

Суреттегі санның бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз. Сіздің мінезіңіз жайлы...

1. Оптимист

Сіз өте белсендісіз. Жаныңыз нағыз махаббатқа құмартқанымен, оны таба алмай қаламын ба деп қорқасыз. Жүрегіңізге түскен сызаттарға қарамастан, кез келген адаммен тез тіл табысатын жансыз. Үнемі өзіңізді түсінетін достарды іздейсіз. Қарым-қатынастың адалдыққа негізделгенін қалайсыз. Бейтаныс адамдарға жылдам бауыр басасыз. Өмірдің онсыз да қиын екенін түсініп, адамдардың алдында көңілді де қарапайым адам болып көрінуге тырысасыз.

2. Тұрақты әрі тұйық

Сіз тұрақтысыз. Сырт көзге жолы болғыш, ең бақытты адам болып көрінесіз. Ішкі сезімдеріңізді өзіңіз де түсінбей қалатын сәттер болып тұрады. Сіздің ойыңызда не тұрғанын айту қиын. Сезімдеріңізді өзгелерге көрсеткіңіз келмейді. Өзгелерге көмек қолын соза білетін ақылды да байсалдысыз. Қоғамнан қалмай өмір сүруге тырысасыз. Дәрменсіздерге көмектескенді жақсы көресіз. 

3. Қызуқанды әрі тұрақсыз

Сіз қызуқандысыз. Бөлменің ішіндегі ең жарық шам секілдісіз. Ашуланып жүресіз. Өмірде еш уақытта тоқтамайтын мотормен бірдейсіз. Ойыңызда түрлі идеялар бар. Үнемі жарысуды ұнатасыз.

4. Ақылды әрі ашық жарқын

Сіз өте ақылдысыз. Жақсы кітаптарды оқудан лəззат аласыз. Өзгелердің әлемін аралағанды жақсы көресіз. Терең ойланып, қоршаған ортаңызға сай әрекеттер жасайсыз. Өзгерістер мен жаңа идеяларды ұнатасыз. Тәртіп пен адалдықтың құлысыз. «Өмірде ең бастысы – адалдық» деген ұстанымыңыз бар. Ешкімге бағынбайтын тәуелсіз, дүниетанымы кең адамсыз. Бойыңыздағы көп қасиетіңізді мақтан тұтсаңыз да, оны көрсетпеуге тырысасыз.

5. Жолы болғыш

Үнемі өзгелер үшін алаңдап жүресіз. Қарапайым, терең ойдың құшағында жүретін мейірімді жансыз. Сізге ұзақ уақытқа жетерлік жоспарлар керек. Осы өмірдің жақсаруына аз да болсын үлес қосқыңыз келеді. Әрбір күнді соңғы күндей өткізгенді жақсы көресіз. Ғаламды тұтастай өзгерте алмасаңыз да, адамдардың өмірін өзгертіп жүрсіз. Ара-тұра жолыңыз да болып тұрады.

6. Позитив

Сіз белсенді жансыз. Сіздей күндей жарқырап, ешкімде жоқ энергиясы бар адамға қызықпау мүмкін емес. Айналаңыздағының барлығын білгіңіз келеді. Достарыңыздан да алыс емессіз. Әрбір сағатыңызды бағалап, оны қуанышты сәттерге толтырудасыз. Әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүресіз. Әзіл-қалжыңды қызықты қылып айтасыз. Өмірден рахат алғысы келетін адамдар сізбен сөйлеседі. Өзіңізді қуанышқа бөлегенді жақсы көресіз.

7. Табысты әрі энергияға толы

Сіздің күш-қуатыңыз мол. Бір уақытта бернеше жұмыс істей аласыз. Цирк өнерін меңгерген болуыңыз да ғажап емес. Алдыңызға қойған айқын мақсаттарыңыз бар. Армандарыңыздың орындалуы үшін барынша тырысып бағудасыз. Әрбір қабылдаған шешіміңізге жауапкершілікпен қарайсыз.

8. Тәртіпті әрі мейірімді

Сіз тәртіпке бағынуды ұнатасыз. Өзіңіз бар жерде адамдар өзін жайлы сезінеді. Әрбір адамға жеке индивид ретінде қарайсыз. Өмірде бәріне көңіліңіз толады. Күлкіңізде шынайылық бар. Достарыңыз жүрегіңіздің тазалығын ерекше құрметтейді.

9. Мейірімді әрі барлығын да түсінетін адам

Сіз өте мейірімдісіз. Өмірге деген көзқарасыңыз да ерекше. Әрдайым кешіріп, түсіністікпен қарай білесіз. Тыныш өмірді жақсы көресіз. Айғай-шудан аулақ жүресіз. Бос уақытыңызда өмір туралы терең ойлағанды жақсы көресіз. Уақытты қадірлей білесіз.
 
10. Тағдырыңыз өз қолыңызда
Сізге кеңес беру артық. Сіз үнемі бәрін сараптап, ақылға салсыз. Сезіміңізді босатсаңыз болды, бақыттың кілті – еркіндікте.
 
Дереккөзі: «ПТ» топтамасынан 

Комментарии




Яндекс.Метрика