|    |  
19 тамыз 2019
12:52
қаз
Қай жемістің шырыны денсаулыққа көбірек пайдалы?
08 қыркүйек 2017, 16:40 28



Сусынның бұл түрін кәсіби спортшылар күніне екі рет пайдаланады екен.

Британияның London South Bank University физиологтары кәсіби атлеттерге шие шырынын қарқынды күш жұмсалатын жаттығуларға дейін және одан екі сағат өткеннен кейін апта бойы күніне екі рет ішкізіп зерттеу жүргізген, деп хабарлайды
med2.ru.



Шие спортшыларға күрделі жаттығулардан кейін күш-жігерін тез қалпына келтіріп, бұлшықеттердің зақымдануын азайтуға септігін тигізеді. Шие шырынын ішкен атлеттер неғұрлым қысқа мерзім ішінде қайта күш жинаған: 24 сағат ішінде қалыпты бұлшықет күші 90% (шырын ішпегендерде бұл көрсеткіш 85%-ды құрайды) қайта қалпына келген. Бұл түрлі жарыстар кезінде дене күшін тиімді қалпына келтіруге септігін тигізеді.

Дәрігерлердің пікірі бойынша, шиенің құрамындағы қуатты антиоксиданттық қосылыстар әдетте ұзақ уақыт бойынша қимыл-қозғалыста болуынан туындайтын бұлшықеттердің тотығып зақымдануын азайтып, олардың функцияларын жылдам қайта қалпына келтіреді. Жидектің қабынуға қарсы әсеріне шиеге алқызыл түс беретін антоциан қосылыстары жауап береді.

Оның үстіне шие өте дәмді әрі жыл бойы мұздатылған күйде немесе шырын түрінде қолжетімді. Сонымен қатар, шие жүрек аурулары мен артритпен байланысты ішкі қабынуларға оң ықпалын тигізеді.
 

 


Жаңалықтар