24 Ноябрь
11:51
Астана: -6 °C
Алматы: 1 °C
USD/KZT: 330.00
EUR/KZT: 390.72
RUB/KZT: 5.65
CNY/KZT: 50.13
Спорт
3 наурыз 17:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Қайрат» ФК басшылығы ресейлік футболшы А. Аршавинмен келіссөз жүргізіп жатқандығын мәлімдеді
Бүгін Алматыда жаңа футбол маусымына байланысты өткізілген арнайы баспасөз мәслихаты барысында «Қайрат» ФК басшылығы ресейлік футболшы Андрей Аршавинмен келіссөз жүргізіп жатқандығын мәлімдеді. 



«Аршавин қазір Алматыда, командамен бірге жаттығып жүр. Біз онымен әлі де келіссөз жүргізіп жатырмыз. Уақыт әлі бар. Аршавин кезінде Ресей құрамасының капитаны, соңғы 10 жыл ішінде отанында ең үздік футболшылардың бірі болған. Алматыға ол өз еркімен келді. Командамен жақын танысып, қаланы аралап көргісі келеді. Аршавин Алматыға келмей тұрып-ақ, біз онымен ұзақ уақыт келіссөз жүргізгенбіз. Ол дұрыс шешім қабылдағысы келеді, тіпті спорттық мансабын аяқтауы да мүмкін. Мен қазір Аршавиннің қандай шешім қабылдайтыны жайында ештеңе айта алмаймын. Оның келгенінің өзі айтулы уақиға. Бұл біздің клубты, бас бапкерді сыйлайтындығын білдіреді», - деді «Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.   




Өз кезегінде команданың жаңа бапкері Александр Бородюк те Аршавинге қатысты өз пікірін білдірді.
«Мен бұл футболшыға үлкен құрметпен қараймын. Ол футболдың дамуына көп еңбек сіңірген ойыншы. Оның келуі «Қайрат» үшін үлкен маңызға ие. Егер ол команда құрамында өнер көрсетер болса, жас футболшылар одан көп нәрсе үйренеді деп ойлаймын», - деді А. Бородюк. 



inform.kz



 
нравится:    689
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии