21 Август
12:24
Астана: 23 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
24 қазан 12:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қайрат Нұртас “The Voice of Kazakhstan” жобасына үміткер ретінде қатысты (видео)


Танымал әнші Қайрат Нұртас “Аңсайды жаным” әнімен “The Voice of Kazakhstan” жобасына қатысты. 

Аталмыш байқауда Қайраттың сахнаға шығуы тыңдармандар үшін де, тәлімгерлер үшін де тосынсый болды.

Қайраттың әні мен өнеріне қазылар алқасының барлық мүшелері (Жанна Орынбасарова, Нұрлан Абдуллин, Әли Оқапов және Ева Бехер) бұрылды. Айта кететін жайт, ең алғашқы болып бұрылған Нұрлан Абдуллин сахнада тұрған үміткердің Қайрат екенін бірден танығандай болды.

Жанна Орынбасарова алғашында сахнада тұрған үміткер Қайратқа еліктеп, оның әнін орындап тұрған екен деп ойлағанын жасырмады және оның сахнаға шығу себебін сұрағанда, Қайрат: “өз күшімді сынап көру қызық болды, сол үшін келдім,”- деп жауап берді.

Ал, Ева Бехер болса Қайраттың бірде-бір концертіне қатыспағанын, алайда әндерін радиодан тыңдап жүргенін айта келеп, шын мәнінде Қайраттың тартымды әртіс екеніне көз жеткізгенін атап өтті. 

Әли Оқапов әзілдеп Қайраттың өзге қатысушылар секілді өзін таныстырып өтуін және тәлімгерлерден кімді таңдайтынын сұрады. Өзін Түркістан қаласынан келген үміткер ретінде таныстырған Қайрат Нұртас тәлімгерлер ішінен Нұрлан Абдуллинді таңдайтынын айтты.




Естеріңізге сала кетейік, "The Voice of Kazakhstan" байқауы бүкіл әлемге The Voice (“Дауыс”) телешоуының қазақстандық нұсқасы болып табылады. Жоба Қазақстанда биылдан бастап көрсетілуде. Бұған дейін елімізде жобаның қазақша нұсқасы “Қазақстан дауысы”-ның үш маусымын өткізілген болатын.



Айдар Жанай
 
нравится:    1272
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии