24 Август
08:54
Астана: 17 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Мәдениет
16 маусым 17:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қайрат Нұртастың әкесі: Ұлыма көп қол жұмсап қойдым


Нұртас Айдарбеков бала тәрбиесіне қатысты пікірін бөлісіп, ұлы Қайрат Нұртасқа әлі күнге дейін қол көтеретінін айтты. Мұнымен қатар, өзі берген қатал тәрбиенің арқасында ұлының жұрттың ыстық ықыласына бөленіп жүргенін меңзеді.

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

– Танымал ұлдың әкесі болу қиын ба?

– Менің сөзіме көп адам сенбейтін шығар. Ұлың танымал болған соң, халықтың екі көзі сенде болады. «Осының әкесі қандай адам екен? Осының отбасы қандай екен? Анасы мен өзі ше?» деген секілді пікірлер айтылады. Менталитетімізге сай көп нәрсе көңілімізден шыға бермейді. Шынымды айтсам, әке ретінде жауапкершілігім ауыр.

– Қайратқа қаталсыз ба?

– Жалпы Алла берген үш ұлым бар. Ер балалар болғандықтан, қаталдық таныттым, танытып та келемін. Әсіресе, Қайрат тұңғышым болғандықтан, оған қаталмын. Қайратқа қолды көптеу жұмсап қойдым. Бала кезінде де, осы өскен кезде де.

– Балаңыздың жұлдыз болуына тәрбиенің әсері болды ма?

– Өнер адамына тәрбие керек. Барлығы өнер көрсетумен ғана шектелмейді. Өнер адамын өсіретін де, өшіретін де халық. Қайратқа берген тәрбиемнің 100℅ пайдасы тиіп жатыр. Осы тәрбие болмаса, ол қалай халықтың адамына айналады? Әйтпесе, халық оны шеттетіп жіберетін еді.

– Қазіргі қоғамда әкенің рөлі қандай?

– Мұның екі жағы бар деп ойлаймын. Әке бола білу және әке деген атқа лайық болып жүру. Ұрпағың осыны сезініп, бағаласа, одан асқан қандай бақыт бар? Қазір көп жас әке қадірін біліп жүр деп ойлаймын. Құдайға мың да бір шүкір, қазіргі жастарымыз жаман емес. Жасыңды түріңе қарап біліп, сый-құрмет көрсетеді.


Дереккөзі: https://Stan.kz
 
нравится:    261
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии