12 Декабрь
10:30
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Мәдениет
21 шілде 11:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қайрат Нұртастың киімі жарты миллион теңгеге сатылып жатыр
Қайрат Нұртастың киімі жарты миллион теңгеге сатылып жатыр


Интернет желісінде танымал әнші Қайрат Нұртастың костюмы сатылатындығы туралы жарнама жарияланды. Айдос Сандыбаев есімді азамат әншінің киімі үшін 500 мың теңге сұрап отыр деп жазады Tengrinews.kz. 

Жарнама авторының айтуынша, қымбат түймелермен безендірілген ақ түсті костюмды ол Семейде өткен концерт барысында қағып алған. "Бұл 28 маусым күні болатын. Мен өз отбасыммен "Спартак" стадионындағы концертке бардым. Қайрат Нұртас ән айтып жатып үстіндегі костюмын шешті де, көрермендерге қарай лақтырды. Менің жолым болып, қағып алдым" дейді Сандыбаев.

Оның айтуынша, жарнамаға қызығушылық танытқандар көп, бірақ көпшілігі бағасын арзандатуды сұрап отырған көрінеді. "Бұл құнды киім. Мен жалдамалы пәтерде тұрғандықтан, маған қазір қаражат ауадай қажет. Сатып алғысы келгендер оны 300 мың теңгеге сұрап жатыр. Бірақ мен келіспеймін. Тіпті, Audi көлігін ұсынғандар да бар" деп атап өтті сатушы жігіт. 

Дереккөзі: Baq.kz 
нравится:    1299
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • nero2015-07-21 17:32:22
    Тряпка кылу керек қой костюмын