24 Октябрь
13:32
Астана: -1 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 336.05
EUR/KZT: 394.49
RUB/KZT: 5.85
CNY/KZT: 50.63
Спорт
6 маусым 09:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Қайрат» ойыншылары балаларға қолтаңбалары салынған 200 допты сыйға тартты

Алматылық «Қайрат» футбол клубының ойыншылары Рифат Нұрмұгамет, Тимур Рудосельский, Ермек Қуантаев және Андрей Аршавин «Мен қасындамын!» атты қайырымдылық жобада мүгедек балалар мен олардың отбасыларына қолдау білдірді, деп хабарлады команданың баспасөз қызметінен.
«Мен қасындамын!» қайырымдылық жобасы мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасыларының, жалғызбасты аналардың проблемаларын көрсетіп, барлық балалардың мүмкіндігі бірдей екенін, ал балаларын алдырып тастамай, дүниеге әкелген аналар дұрыс таңдау жасайтынын көрсетіп отыр.
«Мен қасындамын!» сөз тіркесі - барлығы мүмкін бола алатынын және амалсыз жағдай жоқ екенін, қолдау табылатынын, ол жақын екенін білдіреді», - деп баяндады жобаның идеологиясы туралы ұйымдастырушыларының бірі Әлия Тоқышева.
«Бұл жобаны ұйымдастырып, бізді шақырған адамдарға өте ризамын, біз мұнда қуана келдік. Біз қашанда қастарынан табылатынын айтқым келеді, сондықтан армандар міндетті түрде орындалады, бастысы - ешқашан басты төмен түсірмеу», - деп бөлісті шарадан алған әсерімен «Қайрат» ФК-ның жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин.
Футболшылар жобаның қатысушылары үшін арнайы 200 допқа қолтаңбаларын қойды. Балалар бұл кәдесыйларды қуана қабылдап, ойыншылармен бірнеше естелік суретке түсті. 

​ҚазАқпарат
нравится:    516
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии