16 Декабрь
22:37
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
24 қараша 10:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қайрат Түнтеков: Жол апатынан кейін 5 жылға есейіп кеттім
Біраз уақыт сахнаға шықпай кеткен әнші Қайрат Түнтеков «Тікелей эфир» бағдарламасына сұхбат беріп, біраз сырымен бөлісті.


 
Алматыда 7-8 жыл, Астанада 2 жыл тұрған әнші қазір туған жері Шымкент қаласына қоныс аударған. Себебі екі қаланы жерсінбепті.
 
Әнші отбасы жайлы да айтты. «Әкем мен анам зейнетте. Әкем жүргізуші болып жұмыс істеген. 35 жылдық еңбек өтілі бар. 1976 жылғы үлкен ағамның қолында. 1978 жылғы әпкем тұрмыста»-дейді. Ал өзінің бизнеске бет бұрғанымен ісі өрге баспаған.
 
Әнші сондай-ақ өзі түскен жол апаты жайлы да айтты. Оның айтуынша бірнеше жыл бұрын болған жол апатына қатысты сот ісі әлі аяқталмаған, бір аптаның ішінде аяқталады екен.
  
«Бұл енді аяқ астынан болған жанжал. Білмейміз ғой біз, аяқ астынан келіп қалады. Сол сияқты өлім де кез келген сәтте келуі мүмкін. Мені бір Алла сақтап қалды. Түсінгенім, есімді тез жиып алдым. 5 жылға үлкейіп кеттім. Жаман істер жасамау керектігін түсіндім. Өзім бәрін ұқтым, кімнің басынан өтпейді? Кез келген адамның басында болуы мүмкін» – дейді Қайрат.
 
Дереккөз: Reactor
нравится:    102
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии